Samsung S9 смартфонының таныстырылымы қашан өтетіні белгілі болды

0 0

Әйгілі Samsung компаниясы ақпан айында өтетін Mobile World Congress көрмесінде өзінің Samsung S9 смартфонын ұсынады. Бұл туралы  Бұл туралы  Samsung-тың мобильді бөлімшесінің басшысы Ди Джей Ко CES-2018 көрмесінде мәлімдеді. Mobile World Congress көрмесі дәстүрлі түрде Барселонада өтеді. Samsung компаниясы үшін Барселонадағы іс-шараға қатысыу дәстүрге айналды. Мәселен, былтыр Mobile World Congress көрмесінде Galaxy S8 смартфоны ұсынылды. 

Гаджеттің сыртқы көрінісі бұрынғысынан аса қатты ерекшеленбейді. Смартфонның үстінде және төменгі жағында жұқа рамкалар болады, сонымен қатар саусақ ізі сканері негізгі камера модулінің астында жылжытылады. Айта кетейік, TechRadar сарапшылары 2017 жылдың ең үздік смартфондар рейтингін шығарған еді. Тізімге 15 гаджет кірді. Олардың ішінде көшбасшылар Samsung Galaxy S8 смартфоны және Galaxy S8 Plus болды. Сонымен қатар, Samsung компаниясы ендігі жерде «Жұлдыздар шайқасы» үлгісінде ақылды шаңсорғыш шығармақ. Жаңа лимиттендірілген VR 7000 сериялы шаңсорғышы Samsung компаниясының технологиясын POWERbot атауына ие тың мүмкіндіктермен дамытады.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.