Алматыда 5 жарым мыңнан аса жасөспірім және бұрын тіркеуден өтпей қалған азаматтар наурыз айына дейін тексеріледі. Қалалық қорғаныс істері басқармасында жастардың денсаулығын кәсіби мамандардан құралған арнайы комиссия қарайды. Әлжуаз балалар тұрғылықты жері бойынша емханаларға жіберіледі. Сонымен қатар әскери қызметкерлер әр баламен жеке әңгімелесіп, әскери қызметтің қыр-сырымен таныстырады.

Осылайша мамандар болашақ сарбаздың әскери саланың қай тармағына бейімі бар екенін анықтайды. Амантай Өсербаев, қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент директоры:  – Әскери тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде, олардың денсаулық жағдайлары анықталады. Білім деңгейі. Ары қарай өмірде алға қойған мақсаттары туралы зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Және де осы жұмыстардың кезінде біз Қазақстан Қарулы Күштерінің институттарына түсуге үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Дереккөз: 24.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here