Экономиканы цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың көзін жоюға мүмкіндік береді

0 1

  Алексей Пилько Жолдаудағы 10 тезисті экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу міндеті біріктіреді. Сарапшылардың пікірінше, бұл жаңа технологиялық серпіліс Қазақстанға ХХІ ғасырдағы жоғары тиімді экономиканы құруға және әлемдегі ең дамыған елдің біріне айналуға мүмкіндік береді.

Және цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмектеседі. Бұл пікірмен Еуразиялық байланыс орталығының директоры Алексей Пилько бөлісті. Алексей Пилько, Еуразиялық байланыс орталығының директоры:  — Сандық экономика енгізілген соң, басқару моделінің жаңа стандартының тиімділігі артады және шығындардың азаюынан экономикаға үлкен пайда түседі. Мәселен, виртуалды шындық балаларға арналған компьютерлік ойын екенін бәріміз білеміз. Бүгінде сол виртуалды шындық технологиясының көмегімен металлургиялық зауытты немесе автомобиль зауытын басқаруға болады. Сондай-ақ блокчейн технологиясы. Оны криптовалютамен шатастыруға болмайды. Блокчейн өндіріс процестерін, банк секторын, ауыл шаруашылығын және көптеген басқа салаларды да тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Дереккөз:24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.