Білім министрлігі оқушылардың үй тапсырмасын азайтатынын айтты

0 8

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте БҒМмектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова Елбасының Жолдауы аясында оқушылардың үйге берілетін тапсырмалары қалай азаятынын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмаларын реттеу бойынша» бұйрықты қабылдады. Қазіргі таңда балалардың үй тапсырмалары үштен бірге азайды. Жоғарыда аталған құжат осы оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Яғни осы бағыттағы жұмыстар нормативті деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл сұрақтар педагогтар арасында жиі талқылануда. Аталған бұйрық орындалуы үшін тиісті ақпарат басқармалар және аудандар мен қалалардың білім беру бөлімдеріне жіберілді», — деді ол.

Сонымен қатар, Шолпан Каринова оқушылардың жүктемесін азайту бойынша Білім министрлігінің қосымша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Санитарлық талаптарға тиісті нормалар енгізілді. Яғни оқу бағдарламасын 5 күннің ішіне сыйғызуға байланысты. Білім беру мекемелерінің арасында аталған нормалар нақты бөлінген және БҒМ-нің бұйрығында көрсетілген. Бүгінде үйге берілетін тапсырма 150 минуттан аспауы керек. Сондай-ақ, бұл талап біздің бұйрықта көрсетілген», — деп түйіндеді сөзін директор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.