Жамбыл облысында тексеру барысында 11397 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды

0 0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік өрт бақылауды жүргізу тәртібі және ҚР ІІМ ТЖК көрсетілетін басқа да мемлекеттік қызмет» тақырыбында баспасөз конференция өтті. Жиынға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Әкімбаев Мақсат Әшірбайұлы, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Дабыл Аянұлы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасын баспасөз хатшы Хашымов Шухрат қатысты.

Мақсат Әшірбайұлының айтуынша, рұқсат беру жүйесіндегі реформа өрт қауіпсіздігі саласында қандайда бір қызмет түрін келісу бойынша барлық бақылау элементтері толық жойған. Яғни, 2009 жылдан бастап 68 рұқсат беру процедурасы жойылған (оның ішінде 20 лицензияланатын қызмет түрі бойынша азаматтық қорғау органынан кәсіпкерлердің қорытынды алу қажеттігі алынып тасталды).

Қазіргі таңда азаматтық қорғау органдарымен тікелей Төтенше жағдайлар комитетімен 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, атап айтқанда:

1. Төтенше жағдайларды жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүргізетін субъектілерді аттестаттау;

2.Объектілерде, елді мекендерде, ұйымдарда авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өртті сөндіру және алдын алу жөніндегі жұмысты жүргізуге мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құқығын аттестаттау;

3 Авариялық құтқару қызметтері мен құрылымдарын тіркеу (есепке алу);

4. Өрт қауіпсіздігі саласында аудитті жүргізу жөніндегі экспертті ұйымдарды аккредитациялау.

Аталған мемлекеттік қызмет кең тараған тұрындар үшін қажеттілігі жоқ және өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құтқару жұмыстарын ұсынатын заңды тұлғалар үлгісінде құрылған арнайы ұйымдарға көрсетіледі.

Жалпы, өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындаөткен жылы 2266 объектіге (2016 ж.- 2058) тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 11397 (2016 ж. 15307, -25,5%) өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды. Бұзушылықтарға жол бергені үшін 1153 (805 –лауазымды, 187 –заңды және 161 –жеке тұлғалар) тұлғаға жалпы соммасы 38 млн. 684 мың теңге айыппұл салынды (2016 ж. – 39 млн. 124 мың теңге).

Оның ішінде, өрттің шығуына себепші болған 242 тұлға (2016 ж. -184) әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 165 (2016 ж. -125) жалпы соммасы 2 млн. 266 мың теңге (1 млн. 966 тыс. тенге) айыппұл салынды және 77 (2016 ж. -59) ескерту берілді.

Ауданаралық экономикалық сотқа) өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуымен пайдаланып отырған 36 (2016 ж. -11) объектінің жұмысын тоқтату туралы талап арыз жолданды. Барлық талап арыздар қанағаттандырылып, Департаменттің пайдасына шешілді.

Алдыңғы берілген ұйғарымдамада көрсетілген өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын орындамағаны үшін объектілердің жұмысын тоқтату бойынша әкімшілік сотқа 169 әкімшілік материалдар жолданды (2016 ж. -197). Оларды қарау нәтижесі бойынша 138 тұлғаға 7 млн. 716 мың теңге айыппұл салынды және 74 объектінің жұмысы 5 күннен 60 күнге дейін тоқтатыды. 31 материал соттық қарауында.

Алғашқы рет 2017 жылы, Төтенше жағдайлар комитеті мен «Жас Отан» жастар қанаты арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында профилактикалық жұмыстарды жүргізуге жастар ұйымының еріктілері қатыстырылды, нәтижесінде тұрғындарды профилактикалық жұмыстармен қамту пайзын арттыруға мүмкіндік жасалды.

Жалпы, өрт қауіпсіздігі саласындағы атқарылған жұмыс нәтижесінде улы газбен улану кезінде қаза болғандар саны 2,7 есеге (2017 ж. -4 адам, 2016 ж- 11), жарақат алғандар саны 6 есеге (2017 ж.-22 адам, 2016 ж. -138) азаюына, ал өрт кезінде қаза болғандар саны 38% (2017 ж. – 11 адам., 2016 г. – 18), жарақат алғандар 22 % (2017 г. – 14., 2016 ж. – 18) кемуіне мүмкіндік жасалды,- деп айтты Мақсат Әшірбайұлы.ф

Leave A Reply

Your email address will not be published.