Grand Slam турнирінде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері 9 медаль жеңіп алды

0 0

Әбу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Дереккөз: Inform.kz

Аталған турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты. Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) алтын медаль жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) және Османжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.

Айта кетейік, Grand Slam халықаралық турнирінің келесі кезеңі 10-11 наурызда Лондонда өтеді.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.