Жолдауды коалиция мүшелері талқылады

0 5

Демократиялық күштердің «Казақстан-2050» Жамбыл облыстық коалициясының мүшелері биылғы алғашқы отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Пікірлер тоғысқан жиында ұлт болашағы үшін ұтымды ұсыныстар да айтылды.

Жиынды жүргізген «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Мұратхан Шүкеев:

–Бүгінде еліміздегі барлық саяси партия, ірі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері Елбасының Жолдауына қатысты өз үндерін қосуда. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетекшілігімен өткен жиында Мемлекет басшысының Жолдауы кеңінен талқыланып, Коалицияның төрағасы еліміздің ертеңі үшін Жолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Осы реттекоалицияға мүше әрбір саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдар осы мақсатта түрлі шаралар ұйымдастырып, халықпен кездесіп, Жолдауды талқылау жұмыстарын жүргізуге тиіс. Жолдауға үн қосу – тек айтылған мәселелерді құптап ғана қою емес. Соған лайықты іс жасап, Жолдауда айтылған міндеттердің ел ішінде жүзеге асуына әркім азаматтық үлесімен атсалысуы керек, -деді.

Жолдаудың бірінші бағыты – жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуға тиісті индустрияландыру бойынша «Ақ Жол» демократиялық партиясының облыстық филиалының төрағасы Асан Қошмамбетов мәлімдеме жасады. Асан Әнуарұлы өз сөзінде жасыл технология туралы айта келіп:

–Жұмыс барысымен Қытайға барғанымда, ондағы ел бізде өндірілген азық-түліктерді көптеп қолданатындарын көріп марқайдым. Себебі, біздің елде өндірілетін ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидектер таза табиғи – өнімдер, -деді.

Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы кезеңде Елбасының «Алдымен – экономика, содан соң саясат» деген сөзін негізге алып, бүгінгі таңда өз кәсібін ашамын деген іскерлерге мемлекеттен қолдау барын сөз еткен Асан Әнуарұлы банктен несие алудағы және бизнесті жүргізуде кездесетін кедергілерді де атап өтті. Екінші бағыт – «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» жөнінде Қазақстан халықтық коммунистік партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы Жарылқасын Нұралиев пікірін білдірді.

Жолдаудың Үшінші бағытында айтылған «Ақылды технологиялар» ел игілігіне тигізер пайдасын сөз еткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының облыстық филиалының төрағасыЕрболат Саурықов өзі

басқаратын оқу орнында атқарылып жатқан жобалардың жұмысын мәлімдеді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек кәсіпкерлік саласын сөз етсе, «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қорының президенті Серікбол Берікқожа жемқорлықты жою мен «ақылды қалалар» жобасы баянды болашақ үшін қажеттілігін жеткізді.

Басқосу соңында барлық қатысушылар пікір алмасып, Үндеу қабылданды.

Дереккөз: 365.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.