Жамбыл облысының әкімі зиялы қауыммен кездесті

0 2

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов аймақтағы зиялы қауыммен кездесті. Басқосуда өңірдегі мәдениет, қала келбетін жақсарту, әлеуметтік және білім саласына қатысты бірқатар мәселелер айтылды.

Алдымен сөз алған жазушы, публицист, драмтург Елен Әлімжан өңірге өнер мектебінің қажеттілігін, Әулиеатадан шыққан ақын-жазушалар мен батырлардың жәдігерлерін бір жерге топтасыру үшін арнайы мұражай ғимаратының шешімін таппай отырғанын ортаға салды.

-Облысымыз қазақ халқының белгілі тұлғасы, жырау Жамбыл Жабаевтың есімімен аталады. Белгілі тұлғаларымыздың артында қалған мұрасы бір жерге топтастырылуы қажет. Шерхан Мұртаза, Бауыржан Момышұлы, Кенен Әзірбаевтың жәдігерлері аймақтың әр бұрышында тұр. Осыларды бір жерге жинақталып, ақынның атына сай музей салынса,-деді ол.

Ал, жоғарғы оқу орындарының ректорлары кадрларды кәсіпорындардың сұранысына қарай дайындау, инновациялық жобаларды жүзеге асыруды, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерді көркейту үшін меценаттардың басын қосуды ұсынды. Кездесу барысында мұнан өзге, қала келбетін жақсарту, сабақтарды қалпына келтіру, жерлерді тиімді пайдалану, өнер, мәдениет саласында еңбек етіп жүрген жастарға арнайы үй салу, Жамбыл облысының тарихына қатысты кітап шығару, «Баласағұн» қалашығына жол тарту мәселелері айтылды

-Тараз-тұнып тұрған тарих. Кеше ғана Қазақ хандығының 550 жылдығының осында өтуі көп нәрсені аңғартса керек. Сондықтан осы тарихымызды тек таспаға түсіріп қана қоймай терең тану, ұрпаққа үлгі ету, өткенімізге жүгіну ортақ мәселе екенін ұғып отырмыз. Оны жинақтауды қолға алуымыз керек. Қазір бюджетті қайта қарап, кезек күттірмейтін мәселелерді анықтап жатырмыз,-деді аймақ басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.