Шаңғышы Полторанин әлем кубогы кезеңінде алтын алды

0 0
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіске жетті. Полторанин бұл қашықтықты шаңғымен 7 минутта жүгіріп өтті. Күмісті норвегиялық Йоханнес Клэбо, қоланы швециялық Калле Хальварссон иеленді.

Алексей Полторанин — шаңғымен жүгіруден Азия ойындарының чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл 9-26 ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.