«Мынаны алып берші!». Ерке Есмахан сүйіктісін дүкенге сүйреп жүр (фото)

0 0

Ғашығын таба алмай бірнеше ән арнаған әнші Ерке Есмахан актер Әли Байжұматовпен көп кездесетін болыпты.

Екі әріптестің арасында ,расымен, бір сезім бар шығар? Ерке мен Әлидің кез-келген мерейтойда бірге жүретіндіктерін әншінің оқырмандары байқап қалыпты. Әлидің Астанада тұратынына қарамастан, актер Алматыға жиі келетін болыпты.

Сонымен қатар, Ерке Есмахан мен Әли Серік Ибрагимовтың мерекелік кешіне жұп болып барған.

Жақында ғана Әли тағы да Алматыға келіпті және бұл жолы да әнші оны жеке қарсы алған.

«Алматы, мен сені жақсы көрем», деп өзінің жеке парақшасына жазба қалдырыпты актер.

Бұған дейін әнші парақшасында қымбат сағатымен мақтанған еді.

Жақында әнші қымбат брендті сөмкесін де көрсетіп қалды.

Желідегілердің пайымдауынша жоғарыда көрсетілген сөмке құны -2100 евро. Теңгеге шаққанда 800 мыңның көлемі екен.

Қымбат сыйлықпен сүйіктісін қуантып жүрген актер шығар. Әлде, Еркенің өзі сүйіктісін дүкендерге сүйреп жүр ма екен?

Кім біледі…

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.