Жатыр мойыны қатерлі ісігін ерте анықтау емделуге кепілдік береді

0 434

Жатыр мойыны қатерлі ісігі (ЖМҚІ) жалпы қатерлі ісіктер аралығында көп тарлаған түрі болып есептеледі, яғни ол бесінші орында тұрып, барлық қатерлі ісіктің 5,0% құрайды. Жатыр мойны қатерлі ісігімен көбінесе 40-60 жастағы әйелдер ауырады, бірақ соңғы жылдары ол жасарып 20-30 жастағы әйелдер арасында да жиі кездесуде.

Қазіргі таңда жатыр мойны қатерлі ісігі әлем бойынша оның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселе болып отыр. Обырды зерттеу Халықаралық агенттіктің мәліметіне сүйінсек жыл сайын әлем бойынша 500,0 мың жатыр мойны қатерлі ісігі тіркеліп, оның 300,0 мыңға жуығы қайтыс болады.

Жамбыл облысы статстикасына жүгінсек, 2017 жылы 477 әйел осы аурумен есепте тұрып, оның ішінде 2017 жылы бірінші рет анықталғаны 78, 100,0 адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 6,9 пайызды құрды. Қайтыс болғандары 46, өлім көрсеткіші 4,1.

2016 жылы 457 әйел осы аурумен есепте тұрып, оның ішінде 2016 жылы бірңнші рет анықталғаны 74, 100,0 адамға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 6,6 құрды. Қайтыс болғандары 44, өлім көрсеткіші 3,9.

Жатыр мойны қатерлі ісігінің белгілері әр түрлі, сондықтан әрбір әйел оның белгілерін білуі қажет деп есептейміз. Оның алғашқы белгілері жыныстық жолдардан шығымдардың пайда болады, олардың қызғылт түрде болуы (в виде «мясных помоев») жаман иісті болуыда мүмкін.

Менструльдық циклға байланысты емес жыныс жолдарынан қанның пайда болуы, жыныстық қатынас кезінде қанның жыныс жолдарынан шығуы, ауыруы, менепаузадан кейін қанның пайда болуы жатыр мойны қатерлі ісігінің белгілері болып есептеледі.

Іштің төменгі жағының, белдің, сегіз көз омыртқаның және тік ішек маңының ауыруы жатыр мойны қатерлі ісігінің кеш белгілері болып есептеледі.

Жыл мезгілінде әр түрлі себептермен емханаға жүгіну кезінде әйелдердің емханадағы әйелдерді тексеру кабинетінен өтуі қажет деп есептейміз, себебі тексеру кабинетінде қатерлі ісікке арнайы жағынды алынып, жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтауға болады.

Жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алуда төменгі шараларды ұмытпау керек:

-салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны енгізуді сақтау;

— жыныстық гигиенаны сақтау, әсіресе жасөпірімдер арасындағы жыныстық қатынасты ерте бастаудың зияндылығы туралы тұрғындардың сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша тұрақты түрде скрининг тексеруден өту;

-жатыр мойны қатерлі ісігіне әкеліп соғатын қатерлі ісік алды ауруларын уақтылы емдеу жұмыстарын жүргізу;

-темекі шегумен күресу.

Бұл мәселеде жыныстық қатынас гигиенасына ерекше назар аударылу қажет. Жыныстық қатынасты ерте бастау, талғаусыз байланыстар, көптеген серіктестіктер, жыныстық қорғаныс заттарына мән бермеу папилломмавирус, оның ішіндегі патологиялық түрін жұқыру мүмкіндігі жоғары, яғни жатыр мойны қатерлі ісігімен ауыру жоғары болуы мүмкін. Сексуальды денсаулықты сақтау үшін жалпы сауаттылықты арттыру , әсіресе мектеп деңгейінде жүргізу керек. Әр әйел жатыр мойны эрозиясын, қабыну ауруларын және жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларды алдын алуды білуі керек.

Елімізде жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау туралы скринингісн енгізу өте уақтылы болды және әйелдер денсаулығын сақтауға үлкен әсер етті.

Скрининг тексеруді енгізудің мақсаты жатыр мойны қатерлі ісікалды ауруларын анықтау және оны уақтылы емдеу, себебі олар әртүрлі сатыдан өтіп жатыр мойны қатерлі ісігіне әкеп соғыуы мүмкін. Сондықтан катерлі ісікалды ауруларын уақтылы емдеу және қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау оның толық емделуіне мүмкіндік береді.

Облыс бойынша жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау скринингісі 2009 жылдан бері енгізілген және 30-60 жастағы нысаналы топтағы әйелдер әр 5 жыл сайын скрининг тексеруден өткізілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минситрлігінің бұйрығымен 2018 жылы 1 қаңтардан бастап нысаналы топтағы әйелдердің жасы 30 дан 70 ке дейін болып, скрининг тексеру аралығы 4 жыл болып бекітілді, яғни әр әйел 4 жыл сайын 1 рет скрининг тексеруден өтуі қажет.

Скрининг тексерудің әдісі емханалардағы әйелдерді текскеру кабинетінен өтіп жатыр мойнынан жағынды алу және оны цитологиялық тексеруден өткізу.

2016 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін терте анықтау скринингісінен жоспар бойынша 23140 әйел өткізіліп, бұл 100,0% құраған, анықталған қатерлі ісік алды ауралары-1780 (7,6%), рак-16 (0,06%). Анықталған 16 қатерлі ісіктің I сатысындағы 4, II сатысындағы 12 яғни емдеу нәтижелері жоғары деген сөз.

2017 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін терте анықтау скринингісінен жоспар бойынша 23873 әйел өткізіліп, бұл 100,0% құраған, анықталған қатерлі ісік алды аурулары-1320 (5,5 %), рак-7 (0,063%). Анықталған 7 қатерлі ісіктің I сатысындағы 3, II сатысындағы 4 яғни емдеу нәтижелері жоғары деңгейде болды.

2018 жылы жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында 57056 әйелдерді тексеру жоспарланған, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе жоғары.

Әйелердің емханалардағы әйелдерді тексеру кабинеттерінен уақтылы тексеруден өтуі, гинеколог дәрігерлерде уақтылы емделу, скрининг тексеруден уақтылы өту жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтаудың және оны емдеудің табыс кепілі.

Қатерлі ісікалды ауруларын уақтылы емдеуді (полипы, эроззи, қабыну аурулары т.б.) әйелдер ұмытпауы қажет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.