Жанды дауыста ән шырқаған Ақбота Сейітмағамбеттің масқарасы шықты (видео)

0 4

Әншілікке қайта бет бұрып, шығармашылыққа ден қоя бастаған Кешью тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет жақында өзінің жеке әнін шығарған еді. Арасын көп суытпай, әнші Қуандық Рахыммен бірге дуэт айтып, сахнада өнер көрсетуге білек сыбана кірісіп кеткен сыңайлы.

Жақында өткізілген Қуандық Рахымның ән кешінде Ақбота Сейітмағамбет те ән салды. Жанды дауыста орындаған бұл дуэттің видеосы желідегі бірнеше топқа тарап кеткен. Оқырмандар бірден Ақботаның жанды даусын сынға алып, жағымсыз пікірлерін қалдырып жатты.

Бұған дейін бұл әнші Қуандық Рахым Альбина Шардаровамен орындаған болатын.

Және әншінің тыңдармандары Альбинаның орындауындағы дуэтті сағынып қалғандай.

«Фууу…», «Альбина жақсы айтатын», «Айботаның түк даусы жоқ», «Екеуі айқайлап қана жүрген сияқты», деп жазды желідегілер.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.