Қуандық Рахыммен Ақбота екеуі тағыда сынға ілікті

0 3
Аз уақыттың ішінде елдің сүйіктісіне айналып үлгерген әнші Қуандық Рахымның шығармашылық өмірінде жаңалықтар көп сияқты.

Кеше ғана Ақбота Сейітмағамбетпен бірге орындаған әні желіні біраз шулатып, елді дүрліктіріп қойған еді. Себебі, «Алтыным» атты әнін Қуандық Рахым бұрын Альбина Шардаровамен бірге сомдаған еді. Мұндай өзгерістерге не себеп болғандығын Қуандық Рахымның продюсері 365info.kz тілшісіне жауап берді.

Кешью тобының экс-әншісі Баян Мақсатқызының қол астынан кеткелі бірнеше айдың жүзі болып қалған. Жас ана енді әншілікке шыңдана, білек сыбана кіріскен сыңайлы. Себебі, Ақбота Сейітмағамбет қазірде Жанна Әбуованың шәкірті атанды.

Бұған дейін Қуандықтың Ақботамен көңіл қосқаны жайлы өсек-аяңдар халық арасында кеңінен таралып кеткен еді.  Аталмыш оқиға бұл сұрақтардың нүктесін қойған сияқты. Мұнымен қоймай, Қуандық Рахым өзіне қандай қыздар ұнайтынын да айтты.

«Қиялымдағы аруымды сөзбен жеткізе алмаймын. Инабатты, ибалы,парасатты, көркіне ақылы сай, қазақтың ерке қызы болса екен деймін.

 

Қиялындағы аруды білдік, десе де үйленуге дайын ба екен? Әлде, Жанна ханым рұқсат бермейді ме?

«Үйленуге дайын емеспін.

Себебі сүйген қызымды әлі кездестірмедім. Продюсердің үйленуге болмайды деген талабы жоқ. Контракт бар. Бірақ, ондай пункт жоқ», деп жауап қатты бойдақ әнші.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қуандық Рахым Жаркент, Ұзынағаш, Есік қаласында өзінің жеке концертін берген еді. Мұндай гастрөлдік сапарлар 2 айға дейін созылатынын айтты әнші.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.