Е.Досаев: Мемлекеттік сатып алулар — біздің сорымыз

0 0

Мемлекеттік сатып алулар — біздің сорымыз. Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев осылай деді. Тендерді «жеңдер» деп түсінетіндер көп. Вице-министр мемлекеттік сатып алулар туралы заңға тезірек өзгеріс енгізіп, Парламентке өткізу керектігін айтты. Және Қаржы министрлігіне тендерді ашық қылуды тапсырды, деп хабарлайды Астана телеарнасы

Ерболат Досаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Мемлекеттік сатып алу деген — біздің сорымыз. Сондықтан оны ашық әрі қолжетімді ету — мемлекеттік кірістер комитетінің міндеті. 2018 жылы осы бағытта қордаланған сұрақтарды түбегейлі шешу қажет. Бірақ мәңгі ештеңе жоқ. Біздің халық «талантты». Тағы да жаңа бір құйтырқылық ойлап табады. Дегенмен біз бюджеттік қаржылардың тиімді қолданылуын бақылауда ұстау үшін, тиісті шараларды атқарып, бір қадам алда болуымыз керек.

Ерболат Досаев өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қадағалайтын бөлек заң шығатынын да айтты. Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті заң жобасын әзірлеп жатқан көрінеді. Осылайша өзі жұмыс тапқандардың тізімі жасалып, саны анықталады. Олар әзірге «көлеңкеде» қалып отыр. «Сондықтан азаматтар әлеуметтік қолдау сұраса, салық төлеуді ұмытпасын»,- деді Үкімет басшысының орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.