Үш дос суға батып өлгендерін видеоға түсіріп кеткен (ВИДЕО)

0 2

Үш дос суға батып өлгендерін видеоға түсіріп кеткен Үндістанның Раджастхан елдімекенінде үш жігіт өздерінің суға батып бара жатқанын видеоға түсіріп кеткен. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

28 жасар Четан Хатик, 22 жасар Сударшан Чандель және 27 жастағы Радхейшям Хатик судағы ойындарын таспаға түсіргісі келген. Телефондарын жағаға қойып қояды. Бірақ су олар ойлағаннан терең болып шыққан.

Нәтижесінде ойындары қайғылы жағдайға әкеп соқтырды. Суға бірінші Четан Хатика түседі. Оның батып бара жатқанын көрген достары құтқармақ ниетте болады. Бірақ, артынша өздері де батып кетеді.

Суға батқан жігіттер бір-біріне дос қана емес, алыс туысқандар болып шықты. Үйлеріне оралмағандықтан, жақындары тәртіп сақшыларына хабар береді. Тәртіп сақшылары көп ұзамай жағадан ұялы телефонды тауып алып, оқыс оқиғанын куәгері болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.