Бүгін ғаламтор өшуі мүмкін

0 1

Домендік атауларды басқару жөніндегі халықаралық корпорацияның (ICANN) криптографиялық кілттерінің ауысуына байланысты 11 қазанда интернетте ақау болуы мүмкін, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарат Агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

ICANN кілттерді 11 қазан күні ауыстырмақ. Бұл тарихтағы алғашқы кілт ауысу болғандықтан, 2-3 күнге жалғасуы мүмкін.

Mobile Research Group компаниясының талдаушысы Эльдар Муртазин НСН эфирінде берген сұхбатында желі пайдаланушылары 48 сағат ішінде аздаған қиындықтарды байқауы мүмкін екендігін атап өтті. Ресурстардың бөліктеріне қолжетімділікте проблемалар туындап, интернет-парақшалар ұзақ жүктелуі мүмкін.

Сондай-ақ, сарапшы желі қолданушылары бұл жағдайды байқамай қалуы да мүмкін екенін айтты. Пайдаланушылардың жарты бөлігі жазбалары жылдам жаңартылмайтын ескі жабдықтардағы провайдерді пайдаланатын болса, желіге қосылуда проблемаларға тап болуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.