Казнетті шулатқан видео: Жүргізуші мен жолаушы арасындағы жанжалдан автобус биіктігі 50 метр көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

0 1

Қытайдың Чунцин қаласында жолаушы автобус жүргізушісімен төбелес шығарып, нәтижесінде автобус Янцзы өзеніне құлап кетті. Оқиға салдарынан 13 адам көз жұмды.

Өткен аптаның жексенбі күні Қытайда автобус биіктігі 50 метр болатын көпірден құлап кетіп, салдарынан 13 адам көз жұмды. Автобус ішінде болған тағы екі жолаушы із-түзсіз жоғалып кеткен.

Желіде төтенше жағдайдан бұрын автобус ішінде болған оқиғаның видеосы тарап кетті. Онда жолаушы әйелдің жүргізушіні ұрғаны байқалады. Есе жібергісі келмеген жүргізуші де оған жұдырық сілтеген. Мұнан кейін қатты жылдамдықта келе жатқан автобус жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, көпірдегі қоршауды бұзып өтеді.

Жергілікті полиция мәліметінше, қоғамдық көлік ішіндегі төбелес апатқа себеп болған.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.