Әлемде бірінші рет: Телеарнадағы жаңалықтарды робот жүргізе бастады (ВИДЕО)

0 2

Қытайлық телевидение ерекше жаңалығымен бөлісіп, жасанды интеллект негізіндегі цифрлық жүргізушіні таныстырды.

Кибержурналисті таныстыру рәсімі Чжэцзян провинциясында болған Ғаламторды басқару жөніндегі дүниежүзілік конференцияда өтті.

Виртуалды жүргізуші Қытайдағы танымал журналист Цю Хаоның келбеті мен даусын қолдану арқылы жасалған. Оны дайындаған мамандардың сөзінше, кез-келген адам виртуалды жүргізушінің прототипі бола алады. Бағдарламаға жүргізуші түсірілген видеоны енгізсеңіз болды, ол жүргізушінің образы, ым-ишарасын сол қалпы көшіріп алады.

Мамандардың сөзінше, виртуалды жүргізушінің көмегімен телевизиялық контент өндірісін айтарлықтай арзандатуға болады. Себебі виртуалды жүргізушіге өзін бояндыру, бағдарламаны жүргізу үшін студия, теле және дыбыс операторының керегі жоқ. Және мұндай жасанды жүргізуші жалақысыз тәулігіне 24 сағат, демалыссыз жұмыс істей алады.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.