Мұғалім оқушыны мектептің дәлізінде сабады (ВИДЕО)

0 1

NUR.KZ. жазғандай, өз оқушысын ұрып-соғып, қатаң сынға ұшыраған мұғалімнің оқиғасы Ресейдегі Комсомольск-на-Амуре қаласындағы №37 мектепте болған.  Желіде тарап кеткен бейнежазбада ашуға булыққан ұстаздың оқушыны мектеп дәлізінде сабап жатқаны көрініс тапты. Балақай оған сабақ жүргізуге кедергі келтірген көрінеді.   «Сен кімсің өзі? Кіммін деп тұрсың өзіңді? Өзіңді бұлай ұстауға қалай дәтің барады?», — деп айқайлады мұғалім.

Әйел адам оқушыны жерге құлатып жіберген соң да соққыларын тоқтатпаған.    Дәл осы мектепте балалары оқитын ата-аналардың айтуынша, видеодағы ұстаз білікті маман. Оның 24 жылдық тәжірибесі бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.