Apple iPhone-ға түсірілген суреттер үшін ақша төлейді

0 0

Жақында Apple компаниясы ұйымдастырған «Shot on iPhone» мобильді фотография байқауы ұйымдастырылған еді. Шарт бойынша фотографтар iPhone-ға түсірген үздік суреттерін жіберуі тиіс. Байқау 22 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді.

Байқаудың басталғаны сол еді, компанияға авторлық құқықты таптады деген айыптар келе бастады. Себебі Apple байқауға қатысып жатқан үздік суреттерді әлеуметтік желілерге, баспасөз басылымдарына авторлардың рұқсатын алмай таратып жіберген. Осындай ірі компания көркем туындыларды тегін қолданды деп авторлар қапа болып жатыр.

Ақыры Apple жарыс шартын қайта түсіндірді:

«Сіз фотоңызды жібере отырып, Apple компаниясына оны қолдануға, таратуға, өзгертуге келісіміңізді бересіз», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Дегенмен, байқауда жеңіп шыққан үздік фотосуреттер ақшалай сыйақы иеленбек.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.