Қайызғақтан қалай құтылуға болады

0 1 855

Құрметті оқырмандар, сіздерге қайызғақтан қалай құтылуға болатыны жайлы сарапшылардың кеңесін ұсынамыз.

Қайызғақтың пайда болу себебі

Негізінен ақ қайызғақ түйіршіктер терінің өлі бөлшектері. Қайызғақ майлы және құрғақ теріде де  пайда болуы мүмкін. Айырмашылығы тек мынада: құрғақ теріде қайызғақ шашқа ғана емес, сонымен қатар киімге, иыққа түседі, ал майлы теріде болса – майлы тері қабығы қайызғақты шашқа жабыстырып, олардың түсуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, зең де қайызғақ тудырады. Ал майлы теріде ол айтарлықтай жақсы көбейеді.

Сондай-ақ, шашты жиі кептіру, бояу және химиялық бұйралай қайызғақтың пайда болуына және оның көбеюіне себепші болады. Мұның бәрі бас терісін құрғатады және ол қатты құрғақ қылады немесе керісінше қорғана отырып, майлай бастайды.

Алайда, қайызғақ теңге қотыр, есекжем немесе әртүрлі дерматит сияқты кейбір тері ауруларының белгілері болуы мүмкін.

Егер қайызғақ қалыпты және ешқандай алаңдаушылық тудырмаса, одан зеңге қарсы сусабын қолдану арқылы құтылуға болады. Бірақ, ол сусабынның дәрілік құрал екенін ұмытпаңыз және оны үнемі қолдануға кеңес берілмейді. Мұндай сусабынды бір ай қолданса да жеткілікті. Зеңге қарсы сусабынмен шашты қажет болған жағдайда, жиі жууға бола береді, яғни шашыңыздың кірлегеніне байланысты.

Бірақ, қайызғақпен бірге қабыршақ, бөртпе пайда болып, басыңыз қышып мазаңызды алатын болса міндетті түрде мамандарға қаралыңыз. Олар қайызғақтың пайда болу себебін анықтап, тиісті  ем тағайындап береді.

Қайызғақтың алдын алу және емдеу

Не десе де, қайызғақ зеңнен туындайтындықтан, басқа біреудің шаш тарағышымен тарануға және бас киімін киюге болмайды.

Иммунинетті нығайту керек. Егер ағзаңыз жалпы сау болса, бұл бас терісі мен шашқа жағымды әсер етеді. Сондықтан, көктемде және күзде дәрумендер қабылдаған дұрыс. Егер теріге, шаш пен тырнаққа арналған арнайы витаминдер кешені болса тіпті жақсы болар еді.

Сусабынды дұрыс таңдаңыз. Сусабын дұрыс таңдалса бас терісі мен шаш сау және қайызғақсыз болады. Ең дұрыс сусабын – бұл зеңнің көзін жойып, жасушаның өсу жылдамдығын азайтатын және қайызғақ қабыршағын кетіретін сусабын. Сондықтан, кеңінен жарнамаланатын сусабын сатып алмас бұрын оның құрамын мұқият оқып шығыңыз.

Мысалы, климбазол және кетоконозол зеңнің көбеюіне жол бермейді. Есіңізде болсын, бұл заттар сумен тез жуылып кетеді, сондықтан құрамында климазол мен кетоконазол бар сусабынды шашта бірнеше минут ұстау керек. Ал мырыш зеңмен тиімді күреспейді, бірақ оны жуылуы қиынырақ. Сондықтан, ол ем мен қорғанысты қамтамасыз ете отырып, шашта ұзақ тұрады. Бұдан бөлек, октопирокс, деготь және селен дисульфиді жасушаның жедел бөлінуін баяулатады. Соңғы екі зат та тері майының бөлінуін азайтады. Сондай-ақ, ол теріні қабыршақтап, қайызғақтың қабықшасын бұзады және  май жасушасының, күкірт пен салицил қышқылының жабысуына жол бермейді.

Сонымен қатар, басқа массаж жасау, салқын душ қабылдау теріні сергітіп және қан айналымын жақсартады.

Сусабындарға балама. Егер арасында шаш қайызғақтана бастаса, оны түрлі әдістермен кетіруге болады:

– Мысалы, қына, басма, грек жаңғағының қабығы секілді шашқа арналған табиғи бояғыштар қайызғаққа қарсы әсер ие;

– Бас терісі мен шашқа майсана немесе зәйтүн майын жағу өте пайдалы. Оны шашыңызды жуғанға дейін 10-20 минут бұрын жасауға болады. Ал әсері жақсы болсын десеңіз басыңызды  полиэтиленді үлбірмен және сүлгімен орап қойыңыз. Майлар қайызғақтың пайда болуының алдын алады және  шашты жібектей етіп, жылтыратады;

– Қырмызыгүлдің спиртті тұнбасы майлы шаштағы қайызғақты емдеп қана қойма, сонымен қатар шаштың түсуі кезінде де көмектеседі. Сондықтан, бас терісін және шашты мұқият майлап, басыңызды сүлгімен орап, 30 минут отырыңыз да жылы сумен шайыңыз;

– Майлы шаштағы қайызғақпен күресуге лимон жақсы көмектеседі: Ол үшін бас терісін лимон шырынымен сүрту керек. Алайда, алғашқы ем ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, сондықтан шырынды шашта ұзақ ұстамаңыз, тек уақытты біртіндеп 30 минутқа дейін арттырыңыз;

– Дәріханадан 40%-ды гипосульфит ерітіндісін және 5%-ды тұз қышқылы ерітіндісін сатып алыңыз. Содан кейін бас терісін мақта талшықтарымен, алдымен гипосульфит ерітіндісімен, сосын тұз қышқылымен ылғалдандырыңыз. 10 минут үзілістен кейін рәсімді тағы қайталаңыз. Мұндай ем бас терісінің қышқыл-негіз балансын қалпына келтіреді және қайызғақты кетіре отырып, шашты қатайтады.

Қалақай қайнатпасы. Бұл дәл майлы шашқа арналған емдік құрал. Негізгі ингредиент – ұсақталған қалақай жапырақтары. Ол үшін дәріханадан кептірілген қалақай сатып алып,  500 г қалақай жапырағына 5 литр құйып, қайнатаңыз. Содан кейін тұнбаны сүзіп, суытыңыз. Бұл қайнатпамен басыңызды жуған сайын шайып, шаштың түбіріне жағыңыз. Мұндай рәсім сізге тек қайызғақтан ғана құтылуға көмектесіп  қоймай, сонымен қатар шаштың өсуі мен мықтылығына септігін тигізеді.

Пияз бен арақ қоспасы. 1 ас қасық пияз шырынын 2 ас қасық араққа араластырыңыз. Сосын, әр жолы басыңызды сусабынмен сабындаудың алдында, осы қоспаны басыңызға жағыңыз. Содан кейін 1 литр қайнаған суға 50 г пияз қабығын дайындап, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Оны басыңызды жуғаннан кейін шаш шаю құралы ретінде пайдаланыңыз. Бұл рецептің жалғыз кемшілігі, ол тек қара шаштыларға ғана жарамды. Себебі, пияз қабығы шаштың түсін өзгертетіндіктен, аққұба шашты қыздар оны ұнатпауы мүмкін.

Басқа да қосымша маскалар: Қайызғақтан арылуға 20 г жебіршөп пен 20 грамм талдың қабығы және 20 г емен қабығының қайнатпасы көмектеседі. Ол үшін 4 ас қасық қоспаны 15 минут бойы бір литр суда қайнату керек. Содан кейін қайнатпаны суытып, сүзіп алыңыз да, шашыңызды жуу алдында  бас терісіне жағыңыз.

Тағы бір маскада 20 г талдың қабығы мен 20 г түйежапырақ тамырын қолданамыз. Мұнда да 4 ас қасық қоспаны бір литр суда 15 минут қайнатамыз. Суытып, сүзіп алғаннан кейін шашты жуу алдында бас терісіне жағыңыз. Бұл шаштың түсуін азайтуға көмектеседі.

Дереккөз: Stan.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.