Айда тұңғыш рет өсімдік өсті

0
230

Мақтаның дәнегі Ай бетіндегі арнайы саңылаусыз контейнерде өсіп шыққан тарихтағы біздің ғаламшардан жеткізілген алғашқы өсімдік болып отыр.

Қаңтардың 3 күні «Chang’e-4» Айдың арғы бетіне қонған тарихтағы алғашқы аппарат болды. Өсімдіктердің дәнектеріне жасалатын тәжірибелерден бөлек ол Ай топырағын алып, оның сынамаларын талдайды.

Lunar Micro Ecosystem өсімдіктерді Айда өсіру тәжірибесінің авторлары жеңістерін мерекелеп жатыр, деп Xinhua хабарлайды. Ғалымдар осы бертінге дейін Айдағы тартылыс күші жағдайында бұны істей алатындарына сенімді болмады.

Мақта дәнектері Айға айрықша кұнарлы орта түзілген саңылаусыз контейнер ішінде жеткізілді. Оның ішінде картоп, ашытқы дәнектері және жеміс-жидек шыбынының тұқымы болды. Бұған қоса, контейнерлер екі камерамен жарақталып, ғалымдар сол камералар арқылы үдерістерді бақылап отырды.

Chang’e-4 Ай станциясы сәтті қонып, жұмысын бастаған соң, қытай аэроғарыш инженерлері үшөлшемді баспа технологиясын барынша қолдана отырып, ай базасын салуды бастауды жоспарлап отыр, деп Daily Mail хабарлайды. Жердің жалғыз серігінің бетіндегі ондай нысан келешекте Балпанға (Марс) жасалатын миссия үшін үшөлшемді құрылыс технологияларының сынақ полигоны болуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Дереккөз: bilim-all.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here