Бүгін алма жедіңіз бе?

0
605

Алма туралы газеттерде жиі-жиі жазылады. Бұл тамаша жемістің күн сайын жаңа пайдалары анықталуда. Солардың біразы:

– Нью Йорктағы Корнел университеті зерттеу тобының қол жеткізген мәліметтері бойынша алманың құрамындағы антиоксидандар жасушлардың зақымдалуының алдын алып, дененің қарсы тұру қабілетін арттырады және стрестен пайда болған зарарларға қарсы күшті қорғаныс көзі бола алады.

– Жаңа алманың шырынымен сүртілген қыртыс және әжім тері жанданып, жаңарады. Терінің түлеуіне, бүйрек және бауыр ауруына, тамырдың қатаюына, экзема мен ревматизмге өте пайдалы алма шырыны сондай-ақ, суыққа, жөтелге, тамақ ауруына, ыстық көтерілуіне және түрлі қабынуларға да жақсы.

– Алма шырыны ас қорыту жүйесін реттейді. Жатардан бұрын желінген бір алма адамның жақсы ұйықтауына көмектеседі.

– Құрамында 85% су, 12% шекер, органикалық қышқылдар, сода, фосфор, танин және А, В 1, В 2, С, Е, РР витаминдері бар бұл керемет жеміс құрамындағы органикалық қышқылдар, сода және фосфордың көмегімен ми, бауыр, асқазанға оң әсер етеді. Тамақтан бұрын алманы үккіштен өткізіп, түсі қарайғаннан кейін жесе ас қорыту жүйесін реттейді. Шикі алма іш қатуға пайдалы.

– Алма сіркесі де өмір эликсирі болып табылады. Балмен қосып ішсе, ағзаның иммунитет жүйесіне үлкен пайдасын тигізеді. Құрамындағы көп мөлшердегі калий  арқылы жүрек бұлшық еттерінің құрылымын күшейтеді. Жиі тұмаумен ауыратын немесе тыныс жүйесі қабынған адамдардың иммунитетін арттырады. Үзбей ішсе, салаттарға алма сіркесін қосып қолданса жоғары холестеринді де түсіреді.

Дереккөз: bilim-all.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here