Ғалымдар алғаш рет қол протезін адам жүйкесіне тікелей жалғады

0
20

Швед ғалымдары қол протезін бір әйелдің жүйкесіне тікелей жалғап, оған өз санасы арқылы саусақтарын қозғауға тіпті тактильдік сезімге бөленуіне мүмкіндік берді. Бұл тері сыртында орналасатын электродтарға сүйенетін қолданыстағы протездермен салыстырғанда алға жасалған үлкен қадам.

Чалмерс (Гётеборг, Швеция) технологиялық университетінің және Integrum AB биотехнологиялық фирмасының зерттеушілері DeTOP аяқ-қолды протездеу жөніндегі маңызды еуропалық зерттеу бағдарламасы аясында протез қолды жасап шығарды. Оташылар титан имплантаттар арқылы әйелдің білегінің екі сүйегіне (білек сүйек және шынтақ сүйек) протезді бекітіп жалғап, 16 электродты оның жүйкесі мен бұлшық етіне жалғады. Бұл оған ойы арқылы қолын бақылауында ұстап, бау байлауға, пернетақтада мәтінді теруге пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл нақты өмірде пайдалануға жарамды клиникалық тұрғыда өміршең, икемді және сезімтал қол протезі.

«Біздің технологиямыздың озықтығы сол, пациенттерге, күнделікті өмірде маңызды болатын сезімдерге бөлене отырып, имплантталған жүйке-бұлшық ет интерфейстерін өз протезін басқару үшін пайдалану мүмкіндігін бере алады», — дейді Чалмерс университетінің қызметкері Ортис Каталан (Ortiz Catalan).

Адамның жүйке жүйесіне жалғанған электроника технологиямен өзара әрекеттестіктің жаңа тәсілдерін түзуге мүмкіндік береді. Швед ғалымдары шығарған видеороликте әйел компьютер экранындағы виртуалды қолды ары-бері қозғауға имплантатты пайдаланып отырғаны көрініп тұр (физикалық протез қолына жалғанғаннан алдын).

Кәдімгі қол протездері, адам қолының төменгі бұлшық еттерінен бақылау сигналдарын алу үшін, тері сыртына орналастырылатын электродтарға иек артады. Бұл сыртқы электродтар бір-екі тұрпайы қозғалысты, мысалы саусақтарды жұдырық етіп түюді, бақылауға мүмкіндік беретін шектеулі әрі сенімсіз сигналдар береді.

Заманауи қол протездерінің, сондай-ақ, сенсорлық кері байланысы да шектеулі. Олар тактильдік және кинестетикалық сезімдерді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан, адам ол протездерді пайдаланғанда тек көру қабылетіне ғана сене алатын: мысалы, оларды тағып жүргендер объектті қаншалықты қатты қысып тұрғанын айта алмайды. Бұрын қолдың айырылып қалған биологиялық «қадағаларымен» байланысты болған электродтарды жүйкеге ендіру арқылы зерттеушілер осы жүйкелерді электр қуаты арқылы жандандыра алады. Бұл пациенттің протезде пайда болатын сезімдерді сезіне алуына алып келеді.

Жаңа өнертабыс роботталған құрылғылар біздің тәнімізбен оп-оңай әрекеттесе алатын болашықтың жаршысы болып отыр. Жылдар бойы бұндай протездер ғылыми-фантастикалық шығармаларда мүмкін болып келді, алайда, технологиялар әзірге көпшілікке қолжетімді болмаса да, бұл зерттеме сол шығармалардағы болашақтың келіп жеткенін көрсетіп отыр.

Дереккөз: bilim-all.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here