WhatsApp жаңа қызметін іске қосады

0
448

WhatsApp месенджері мамандары жақын күндері жаңа қызметін іске қоспақ. Қолданушылар енді өздерін топтарға тіркеуін шектей алады.

Мессенджердің жаңа қызметі қолданушыларды спамдардан сақтандыру мақсатында қолға алынған. Өзгелер рұқсатсыз пайдаланушыны топтарға қоса алмайды. Жаңа өзгеріс жақын күндері мессенджер баптауында пайда болады.

Нақтырақ айтар болсақ, қолданушы өзін кімдер топтарға тіркей алатынын, кімдер тіркей алмайтынын белгілей алады. Мессенджер мамандары ыңғайлы болу үшін бірнеше нұсқа дайындаған. Оның бірі – телефон жадына сақталған таныстардың тіркей алуы. Ал екінші нұсқа – ешкім де тіркей алмайтыны жайлы қызмет. Егер екіншісін таңдайтын болсаңыз, онда сізге топқа тіркелу жайында хабарлама келеді. Осылайша топқа қосылу немесе қосылмау жайлы шешім қабылдай аласыз.

Жаңа қызмет алдымен Android жүйесіндегі смартфон тұтынушыларына қолжетімді болмақ. Одан кейін iOS-та пайда болады.

Айта кетейік, WhatsApp месенджері мамандары желінің мүмкіндіктерін арттырып, қолданушылар үшін ыңғайлы болуын назарда ұстап келеді. Жуырда жалған ақпараттарға жол бермеу үшін бір хабарламаны бес реттен артық жіберуге де тыйым салған болатын.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here