Әлемде қанша миллиардер бар?

0 11

2018 жылы әлем миллиардерлері қатарынан 430 адам шығып кетті. Бұлардың тең жартысына жуығы Қатай бизнесмендері. Бұған юань курсының төмендеуі мен Қытай биржаларындағы котировкалардың түсіп кетуі негізгі себеп ретінде көрсетілуде.

Осыған байланысты Қытайдағы миллардерлер саны 148-ге, Гонконгтағы байлардың саны 17-ге азайған. ҚХР, Тайвань және Гонконгта 2019 жылдың қаңтар айының соңында 658 миллардер барлығы анықталған. Сауда нарығындағы Қытайдың бәсекелесі АҚШ-тағы ауқатты адамдардың саны бұдан 74-ке аз. Бірақ АҚШ-та былтырғы жыл қорытындысы бойынша миллиардерлер саны 13-ке артқан. Ал Бейжіңдегі миллиардерлер саны 28-ге қысқарғанына қарамай, ол әлемдегі ең көп байлар тұратын қала болып қала береді. Қазір ҚХР астанасында 103 миллиардер болса, Нью-Йоркта – 92 қалтасы қалың адам өмір сүреді.

Әлем халқының 27 пайызын құрайтын ҚХР-дағы миллиардерлер биржадағы келеңсіздікке байланысты азайып тұр, егер биржа нарығы қайта оңалатын болса, Қытай байлары күрт өсейін деп тұр.

Әлем бойынша 716 қытай ұлтына жататын миллиардер бар екен. Оның тек 33-і ғана ҚХР азаматы емес. 21-і Сингапурда, 12-сі АҚШ-та өмір сүреді.

Жалпы алғанда қазір, Жер бетінде 2470 миллиардер адам бар.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.