Әйелдер ұнататын дүниелер

0 4

Әйелдер қауымына көп дүниелер ұнайды десеңіз қателесесіз. Олардың да жаны сүймейтін, көңілі қаламайтын нәрселері бар.  Көбіне әйелді қызықтыратын — байлық, жастық, асыл тастар деп жатады. Алайда өмірде одан да қарапайым дүниелер олар үшін ерекше орында. Не екенін білгіңіз келсе, төмендегілерді бір шолып өтіңіз.

1. Еркелету. «Жылы сөз жан семіртеді» деген бар. Құлағымен сүйетін әйелдер үшін еркелету мен жанды жадыратар жылы сөздердің маңызы ерекше.  Тіпті,  олар өзі жақсы көрген адамнан осыны қалайды және күтеді. Бұл олардың жанды тұсы десек те қателеспейміз. Сондықтан, жақын жаныңыздан бар жылы сөзіңізді аямаңыз.

2. Сырласу. Әйелдер қауымы ер адамдарға қарағанда тез араласқыш, тез тіл табысқыш келеді. Әлеуметтік ортаға жақын жүреді және еркін әңгімелескенді жақсы көреді. Махаббат пен романтикалық киноларды ұнатады. Сонымен қатар, еркектің ойы мен жүрегінде не барын білгісі келеді. Егер әйелдер жағымсыз нәрсе айтып тұрса, дәл сол сезімді бастан кешіп тұрғаны деп біліңіз. Көбінде әйелдер сүйіктісі көңілсіз болса, оны сөйлеттіруге барын салады. Ал, еркек жалғыз қалғысы келіп тұрады. Алайда еркек әйелмен жиі сөйлесу керектігін ұғынуы керек. Яғни оларды тыңдай білу керек. Сонымен қатар  құшақтап, шерін тарқатуға мүмкіндік берген дұрыс.

3. Алғыс білдіру. Әйелдер бір күнде көп энергия жұмсайды. Әрбір ұсақ-түйектің назарда болғанын ұнатады. Сондықтан арнайы сіз үшін пісірілген ас, жуылған кір, үтіктелген киім үшін алғыс естігісі келіп тұрады. Ол өзінің маңызды жан екенін сезінгісі келгеннен туындайды. Яғни ерінің сұлулығын бағалап, мақтап немесе мақтанып,  қандай жағдайда да әр қимылын бағып отырғаны әйелдерге ұнайды.

4. Сыйлық алу. Сыйлық алғанды ұнатпайтын әйел заты жоқ. Сыйлықты көргенде, сізге деген ашуын да ұмыта алады. Керемет сыйлық арқылы сізді жақсы көріп те кете алады. Алайда, бұл олардың әлсіз тұсы болса да, ең мықты тактикасы деуге болады. Қандай жағдай болмасын, әйелдер қауымы  үшін сыйлық – сыйластықтың бір белгісі.

5. Қамқорлық. «Қамқорлықсыз әйел нәзіктігінен айырылады» деген сөз бар. Қанша жерден мықты немесе бірбеткей болып тұрса да, әйел заты – өте нәзік жаратылыс. Оның ішкі болмысы жіп секілді жіңішке. Сондықтан олар өзін қауіпсіз сезінгісі келеді және қамқорлық танытқандарды ұнатады. Жай ғана бір мысал үшін, көліктен түскенде қол беру, есік ашып өткізу, ауыр затын көтерісу т.б. әйелді бейжай қалдырмас қылықтар. Жалпы кез келген қамқорлық үшін олар  сізді сүюге, сізбен мақтануға, сізге басын иіп өтуге дайын.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.