Ел алдында сөз сөйлеу. Цицеронның есте сақтау әдісі

0
214

Мінберде мінсіз сөз сөйлеу мәнерімен бар әлемді тәнті еткен оратор Цицерон ешқашан арнайы жазба пайдаланбаған. Қаншама адам есімі, сандар, жылдар, фактілер болса да…

Біз айтып отырған әдіс Цицерон есімімен байланысты аталмай тұрып-ақ кең қолданысқа ие болған. Мысалы, кей деректерде Көне Грек ақыны Симонид бұл әдістің алғашқы қолданушысы болған деген де ақпарат бар.

Әдіс, шындығында, өте қарапайым және тиімді. Ол “Рим бөлмесінің жүйесі” деп те аталады. Сонымен, айтар сөзде басты мән берілу керек дүниелерді ойша белгілі бір тәртіппен бөлмеде орналасқандай етіп елестету керек.

Сахнаға шыққанда немесе көпшілік алдында сөйлегенде сол бөлмені елестетіп, сөзіңізді мүдірмей айта берсеңіз болады. Цицерон дайындық кезінде бөлмені кезіп жүріп, айтылу керек дүниелерді ойша сол бөлмеге орналастырады екен.

Тәжірибе жасаған сайын бұл әдісті меңгеру оңай бола түседі. Уақыт өте келе қалай нағыз ораторша сөйлей алатын болғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here