Ауылым- алтын бесігім

0 183

Ауылым- алтын бесігім,

Жүрегім-жырым сенікі

Кеңесті  далам, кең далам.

Тудым,өстім, есейдім.

Ең далам, анам, мен балаң, — деп туған жеріміз туралы жарлайтынымыз ақиқат. Менің далам, тұғырым, туған өлкемнің тұнып тұрған көрінісі әсем де сұлу емес пе? Бойында еріксіз мақтаныш сезімін ұялататын  туған жеріңнің топырағы киелі де қасиетті. Арман айдап қалаға келегніміз де жасырын емес. Сол арман жетегінде, арман қиялында жүріп ауылыңды бір сәт есіңе алып, барып қайтқың келеді.

Жолың түсіп ауылға бара қалсаң көз алдыңда кең дала, төрт түлік малға төсін ашқан жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл көрінісі, сарқырап аққан өзен, бұлақ көздері, ашық аспан.  Иә бұл менің тілім жеткенше сипаттап отырған ауыл көрінісі. Менің асыл да қымбатты туып өскен жерім жер жәннәті-  Жуалы. Әрбір азамат туып өскен жері мекені туралы жырлағысы да әндеткісі де, мақтан тұтқысы да келеді. «Ауыл» деген сөзді естігенде менің өн бойымды қуаныш кернейді. Ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі майса келеді. «Ауыл түбі- бірлік, қауым түбі- тірлік» деген мақал айтпаса да түсінікті. Ауыл сыйласа сенде сыйла, әкеңнен қалған құл емес, ауыл сыйламаса сенде сыйлама, ол патшаның ұлы емес.  Ауыл қандай құдіретті мекен десең-ші.

Ауылға бара қалсаң еш жаман ойы жоқ ауыл тұрғындары, көшеде мәз- мейрам болып күліскен кішкентай ғана бүлдіршіндер. Мына қала тіршілігінен шаршаған сәттерде ауылға барып, дәл осы көріністі көріп, демалғанға не жетсін…

Элизат ҚОНЫСБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.