Баланы мектепке дайындағанда қалай үнемдеуге болады?

0 1

Біреулер үшін жаңа, біреулер үшін бірінші оқу жылы басталуда. Бұл жыл сайын ата-ана үшін де, бала үшін де қарбалас. Ойды мазалаған сұрақ көп: бала жаңа жүктемені игере алады ма, психологиялық тұрғыда ол дайын ба (әсіресе егер ол бірінші сыныпқа барса), басқа балалармен достаса алады ма, мұғаліммен тіл табыса алар ма екен? Соңғысы – қанша ақша қажет? Қазақстандық ата-аналар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес бір баланы мекетпке жинау үшін шамамен орташа 50-100 теңге аралығында қаражат керек. Tengrinews.kz және АФТБанк (осы жылдың ең басты өнімі — №1 вертикалды карта) сіз үшін 5 лайфхак дайындады, ол арқылы сіз сапада ұтылмай үнемдей аласыз.

1. Күтіңіз Мектепке дайындық бойынша қарбалас тамыздың ортасында басталады, 1 қыркүйекке қарсы шарықтау шегіне жетеді, алайда тура екі апта күтіңіз, дүкендер сатылмаған тауарларын үлкен жеңілдіктермен ұсынатын болады.

2. Баланың шолжаңдығын құптай бермеңіз Мектепке дайындықты жоспарлаудан бастаңыз. Балаңызда бар заттарды тексеріңіз. Мүмкін, түрлі-түсті қарындаштар жеткілікті шығар, ал жазғы кроссовкалар дене шынықтыру сабағына жарап тұрған болар? Артық шығындалу қажет емес. Әрине, балаға салсаңыз барлығын жаңадан алғысы келеді (тіпті оныншы айфонды да), бірақ артық шығындалу ақылға қонымсыз.

3. Үнемдемеңіз Сапасы төмен заттар бірінші тоқсанның соңына жетпей жатып тігістен кетуі мүмкін. Ал артық шығындалмау үшін өзіңізге ұнаған белдемше, шалбар және пиджактың бір өлшем үлкендеуін алудан тартынбаңыз. Сеніңіз, бала сіз ойлағаннан да жылдам өседі.

4. Басқа ата-аналармен бірігіңіз Бірігіп алсаңыз арзанырақ, бұл – мектепке дайындыққа да қатысты. Дәптер, қалам, пенал, тіпті форманың өзі егер бір сынып бірігіп тапсырыс берсе 10-15 пайызға арзанырақ түседі. Интернет арқылы тапсырыс берсеңіз, тағы да аздап үнемдейсіз.

5. Ірі дүкендерден сатып алыңыз Біріншіден, ірі желі болған сайын, акциялар бойынша үлкен жеңілдіктер болады. Сонымен қатар, естен шығармаңыз бір уақытта ақшаны жұмсауға және жинауға болатын төлем карталар бар. Мысалы, АТФБанк ұсынған №1 вертикалды карта бойынша 5% дейін шынайы ақшамен CASH Back қайтаралады, ол айына 15 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Өзіңіздің цифрлық артықшылығыңызды барлық салада пайдаланыңыз. Мектепке дайындық — #1 картаның пайдасын толықтай бағалауға болатын сәт.

6. АТФБанктен кэшбек туралы нені білу керек? Картаның базалық кэшбегі 1,5 пайызды құрайды. Тағы 1,5 пайызды ішіндегі қалдық ақша кем дегенде 500 000 теңге болатын және оны ай сайын сақтау шартында депозит аша отырып ала аласыз.

Егер ай ішінде картаңыздағы қалдық ақша 400 000 теңгеден кем емес болса, онда келесі айда өзіңіздің кэшбегіңізге тағы 1,5 пайызды қоса беріңіз. Осылайша, сіздегі жиынтықты кэшбек 4,5 пайызға жетеді. Егер мәртебелі банктік қызмет көрсетуге құқық беретін Mastercard Black Edition топтамасын ашсаңыз тағы да 0,5 пайыз қосылатын болады.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.