Түлкі етін жеуге бола ма?

0
1370

Қазақта “иттің етінен де жек көрем” деген сөз бар, ал түлкі еті ше? Жеуге жарай ма? Түлкінің жауы аз, себебі оның етін жабайы аңдардың өзі жегісі келмейді.

Түлкіні тек әдемі терісі үшін ғана ұстайды. Ал етін жемеуге екі себеп бар: біріншіден, түлкінің еті құрғақ, түк май жоқ десе де болады және өте қатты, пісуі қиын.

Екіншіден, оның иісі сасық болады. Әсіресе түлкінің терісін сыпырған кезде оның иісінен дем алу қиындап кетеді, тіпті етін пісірсе де иісі кетпей қояды. Ал егер жеу керек болған жағдайда, бір ғана жолы – 12 сағаттан аса уақытқа қойып маринадтау. Тіпті одан кейін де иісі сезіліп тұруы мүмкін.

Табиғатта түлкінің жауы аз екенін айттық. Түлкі етінің иісінен жиіркенбей жей беретін сілеусін ғана. Сілеусіндер кез келген иісі сасық аңды жей береді және де түлкінің ініне жету үшін сағаттап жерді қопсытып қазуға да барады, бастысы деликатеске жетсе болды.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here