Тамақты аз жеуге көмектесетін әдістер

0 5

Артық тамақтану – дұрыс тамақтануды қадағаламау мен кей жаман әдеттердің салдары. Тамақтану процесіне саналы түрде қарап, одан ләззат алуды үйренсеңіз, аз болса да, құнарлы тамақтануды әдетке айналдырасыз. Тамақты аз жеуге көмектесетін әдеттерді ұсынамыз.

Дұрыс тамақтану үрдісін қалыптастыру туралы ойланыңыз Аз тамақ ішіп үйрену үшін тамақтану процесіне саналы түрде қарау керек. Тамақ пісіруге арналған азық-түлікті мұқият таңдап, тамақ ішіп отқанда тәрелкедегі ингредиенттерді бөлек-бөлек қарастырып, олардың бір-бірімен қаншалықты үйлесетіндігін және «зиянды» өнімді немен ауыстыруға болатынын ойланыңыз. Мұның барлығы тамақтану мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Қандай азықтар сізге шынымен қажет екенін, ал қайсысынан бас тартуға болатынын біртіндеп түсіне бастайсыз. Ал бұдан кейін тамақтану үлесін азайту сізге қиындық тудырмайды. Тамақты асықпай жеңіз Тамақты барынша асықпай жеуге тырысу керек. Жалпы ағза миға тойғаны туралы белгіні кешігіп береді. Сондықтан тамақты жылдам жесеңіз, миға белгі келіп үлгермей сіз біраз тамақ жеп қоясыз. Содан соң ауыртпалық сезінесіз. Ал асықпай тамақтансаңыз, тойғаныңыз туралы белгі де уақытында келеді және дұрыс шайналған тамақ асқазаныңызға да зиянын тигізбейді. Тамақты асықпай әрі аз жеу үшін диетологтар оны таяқшамен немесе белсенді емес қолмен (оңқайлар – сол қолмен, солақайлар – оң қолмен) жеуді ұсынады.

Жалғыз тамақтанбаңыз Психология саласының зерттеушілері адам біреумен тамақтанса, жалғыз тамақ жегенге қарағанда азырақ жейтінін айтады. Оның үстіне қасыңызда адам болса, онымен әңгімелесіп отыратындықтан тамақты асықпай жейсіз. Ал жалғыз отқан адам, әдетте, тамақты жылдам жеп алады немесе ұялы телефонға алаңдағандықтан көбірек тамақ жеп қояды.

Көбірек қозғалыңыз Спорттың адам өміріндегі маңызы зор. Үнемі қозғалыста жүретін адамдар бір орында отыратын адамдарға қарағанда бірнеше есе аз тамақ жейтіні дәлелденген. Бұл қозғалыста жүретін адамның тамақ ішуге уақыты жоқ деген сөз емес. Физикалық жүктемелер қандағы қант деңгейін арттырады, сондықтан аштық сезімі азая түседі. Ақуызды тамақ жеңіз Ақуыз адамды артық тамақтанудан қорғайды, себебі ол тоқтық сезімін ұзаққа дейін сақтай алады. Әсіресе, ақуызды тамақты таңғы асқа жеген жөн.

Жылы киініңіз Ағза энергияның көп мөлшерін денені жылытуға жұмсайды, сондықтан қыста үнемі қарнымыз аша береді және суық айларда артық килограмм қосып аламыз. Жылы киім мен бөлмедегі жайлы температура ағзаны энергетикалық қорды толтыру қажеттілігінен құтқарады. Яғни, ағза энергиясын денені жылытуға жұмсамаса, сіздің де қарныңыз аша бермейді.

Экран алдында тамақтанбаңыз Асүйге теледидар қоймаған жөн. Сол сияқты тамақ ішерде ноутбуктен немесе ұялы телефоннан фильм қосып қоймау да керек. Жоғарыда айтқандай тамақтану процесіне саналы түрде қарау керек. Егер фильмге алаңдап отсаңыз, міндетті түрде артық тамақтанып қоясыз және не жегеніңізді білмей қаласыз.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.