Қол-аяқ неге ұйиды?

0 50

Аяқты айқастырып ұзақ отырғанда не ыңғайсыз отырып қалғанда ол ұйып қалады. Мұның себебі неде? Аяқтың ұюы ғылыми тілде «парестезия» деп аталады. Парестезия – дененің жансыздануы, шаншып ауыруы, дене түршігуінен сезімталдық бұзылуы.

Біз жүйке жүйесі арқылы қоршаған ортадан ақпарат аламыз. Теріміз, бұлшықетіміз, буынымыздың әрқайсысы жүйке талшықтарынан құралған. Бұл ағзалар шеткі жүйке жүйесі деп аталады, әр нәрсені ұстап көрген кезде осы мүшелердің әр талшығы әлемді тануға мүмкіндік береді.

Енді адам денесіне қолайсыз жағдайда ұзақ отырып қалды деп елестетіңіз. Осы кезде жүйкеге аздап күш түседі. Қуат көзі бұзылады да, жүйке өзегінің қызметі төмендейді. Ал ағза сыртқы ортадан ақпарат алуды ары қарай жалғастыруы қажет. Адам орнынан тұрған кезде жүке қуаты қалпына келіп, сезімталдығы арта түседі. Осы кезде аяқ не қол ұйып қалғандай сезім туады.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.