Қазақ спортшысы сумодан Жапонияның чемпионы атанды

0
152

Қазақстандық спортшы Ерсін Балтағұл сумодан Жапонияның жастар арасындағы чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақ күресі ұлттық федерациясының вице-президенті Арман Шораев жазды.

Ерсін Балтағұл сумодан Жапонияның жастар арасындағы чемпионы атанды. Ол төрт жылдан бері күншығыс елінде жаттығып жүрген екен.

– Біздің қарапайым ғана қазақ баласы Ерсін Балтағұл Жапонияда жастар арасында сумодан чемпион атанды! Ерсін төрт жылдан бері Токиода тұрып, сол жақта оқып жатыр. Біздің моңғол бауырымыз Асашери Акинориге  баламызды төрт жыл бұрын таңдап, мансабына жол ашып бергені үшін рахмет айтамыз, – деп жазды Арман Шораев Intsagram парақшасында.

Дереккөз: massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here