Жаңалыққа сенбес бұрын…

0 0

Бүгінде ең сенімді ақпарат құралдары тек пікірлерде ғана емес, фактілерде де бір-біріне қайшы келіп жатады. Интернет дәуірінде кез келген әлеуметтік желі қолданушысы репортерге айналады.

Ақпаратты өңдеуге жұмсайтын уақытымыз бен күшімізге қарағанда ақпараттың қайнар көздерінің саны шексіз. Осындай көлемді ақпарат ағынында жаңалықтарды қалай бақылаймыз? Назарыңызға .Үш.нүкте. жобасы жазған қарапайым бес қадамды ұсынамыз. ⠀

1) Үзіліс жасау Әлемде ірі террористік шабуыл немесе табиғи апат болған кезде көптеген ақпарат құралы тәулік бойы хабар таратады. Тіпті, ақпарат дереккөзінің сенімді екеніне көз жеткізбейді. Журналистер оқиғаға қатысты кез келген ақпаратпен бөліседі. Ал бұл кейде жалған ақпараттың таралуына немесе жазықсыз адамдардың айыпталуына алып келеді. Сондықтан ақпараттың расталуын күткеніңіз дұрыс.

2) Басқа дереккөздермен салыстыру Бұқаралық ақпарат құралдары объективтілікке ұмтылуы керек. Бірақ бұл оңай емес. Объективті болудың ең жақсы және қарапайым әдісі — бір оқиға туралы әртүрлі басылымдардан оқу. Бұның әсерінен оқиғанынң басқа қырларына да көруге болады.

3) Дереккөзді тексеру Қандай да бір басылымның ғылыми мақала туралы жазғанын немесе белгілі саясаткердің баяндамасын оқу аз уақытты алады. Бірақ тақырып сіз үшін маңызды болса, онда мақаланың өзін немесе толық баяндамасын тауып алған дұрыс. Осылайша материалды өзіңіз зерттеп, толықтай түсіне аласыз. Мысалы, ғылыми мақалалар манипуляция жасау үшін жиі қолданылады. Егер мақалада дереккөзге сілтеме болмаса немесе сілтеме жұмыс істемесе, ақпарат міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Оқиға орнында жүрген журналистердің парақшасына жазылыңыз Егер сіз нақты бір оқиғаның қалай өрбіп жатқанын білгіңіз келсе, оқиға орнында жүрген журналистер мен блогерлердің парақшасына жазылыңыз. Мысалы, наразылықтар немесе қақтығыстар сияқты маңызды іс-шараларға қатысатын журалистер өз редакциясына ақпарат жинайды. Сонымен қатар жеке парақшасында видеолармен бөлісіп, тікелей эфирге шығады. Бұл ақпараттың объективті болуына кепілдік бермейді. Бірақ сіз оқиға орнында жүрген адамның тікелей эфирі арқылы жағдайды бақылып, объективтілікке қол жеткізе аласыз.

5) Анонимді дереккөзді анықтай алу Ең бастысы — аты-жөнін жария еткісі келмейтін дереккөз бен анонимді дереккөзді шатастырмау. Бірінші жағдайда журналист дереккөздің аты-жөнін, қызметін және ол туралы басқа да мәліметті жақсы біледі. Ал аты-жөні белгісіз дереккөз туралы мұндай ақпарат жоқ. Яғни журналистің өзі де манипуляцияға ұшырауы мүмкін.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.