Есте сақтау қабілетіңіз нашарлап кетсе…

0 4

Заманауи өмір сүру салты кез келген адамнан өнімді жұмыс істеуді талап етеді. Осы орайдағы аса маңызды қабілеттердің бірі – есте сақтау.

Өкініштісі, жақында жүргізілген зерттеулер күнделікті тұрмыста айтылып жүрген «бір құлағымнан кіріп, екінші құлағымнан шығып кетті» деген сөзіміздің дұрыстығын және өзектілігін растап отыр. Егерде бұл Сізге де қатысты айтылған болса, онда дыбыс арқылы есте сақтау қабілетіңіз көзбен шолу арқылы ақпаратты есте сақтауыңызға қарағанда өте нашар болғаны. Сіз есту арқылы алынған ақпарат тез ұмытып қаласыз, көзбен шолу мен сипап сезу арқылы алынған ақпарат қана жадыңызда сақталады.

Есте сақтау қабілетіңіз Сіздің сәтсіздіктеріңіздің себебі болмауын қалайсыз ба? Онда әртүрлі сенсорлы құрылғылардың көмегіне жүгініңіз. Өзіңізге ең қажетті ақпаратты есте сақтау үшін оны жазып қоюға немесе фотосуретке түсіруге кеңес береміз. Кейбір адамдардың есту арқылы есте сақтау қабілетінің нашар екенін білсеңіз, ол кісілерге көмектесе аласыз. Жұбайыңыз супермаркеттен Сіз сұраған нәрсені ұмытып кетпей, уақытылы әкеліп бергенін қалайсыз ба?

Мұндай жағдайда қоңырау шалу немесе ауызша айту жеткілікті болмауы мүмкін. Қағазға жазып немесе сізге керек заттың суретін телефонына жүктеп жіберіңіз. Осылайша Сіздің өтінішіңіздің орындалу мүмкіндігі еселенеді.

Дереккөз: Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.