Білесіз бе , өмір ғажап сүре білсеңіз

0 22

Менің бала күндерім …

  Әлі күнге аңсаймыыыыыыыын . Сол бір апаммен , бала — шағалармен , туысқандармен,   шіркін , асықпаааааай ішіп отырған кешкі астар , кешкісін қызығып тұрып көретін корей — түрік телехикаялары , гу — гулетіп айтатын ас үстіндегі үлкендер әңгімесі , тұра салып асыға ойнайтын доп ойындары , осының бәрі — бәрі қазір ойлап қарасам , адамды еріксіз өзіңе керемет көңіл — күй сыйлайтын бір ерекше ғажап сәттер екен — ау ..!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! ( жазғандағы эмоция — қызығушылық кәдімгідей ғой )  Бұрын апамның үйінен мектебіме барушы едім , таңертең барып апамның қасында ұйықтап жататынмын . Сол бір тәтті сәттер : апама еркелеп ренжуім , апамның менің асты  үстіме түсуі .   Және , және сол бір жылдары тек жердегі үстелге отырып ішетінбіз , шіркін , сондай берекелі боп .

Дәмді — дәмді тағамдар , олардың иістері далаға шейін жетуші еді , аптығып — асығып келетінбіз ,  қараңғы кешкі жайлы ауа райынан . Тәтемнің плейлисті — сол корейдің ностальгия , аты шулы Ф 4 — і , төрт жігіттері ай — ай шынымен сағынасың тура . Чи Ху деп жүретін тәтем , одан қалса » Махаббат жаңбыры » , » Қырсық Чхун  Нян » — ы тура бір жүрекке жететіндей , айта алмастай сезімдерге толы телехикаялар еді .

9 — да басталғанын күтіп ұйықтамай тәтеммен қабаттасып қараңғы бөлмеде , бәрі ұйықтағанда да отырып — ап көруге тұрарлық кинолар еді ғой , оқырман түсінесің бе мені . Ай — ай , сол жүректің түбіне бойлап кететін махаббат әндері жүректен жетіп бойды алатын . Бірге тәтеммен артынан қалмай айтатын әндеріміз еді . Көрген де , көрмегенге де арман шақтар .

Ешкімге бергім келмейтін кездерім , өмірім , МЕН САҒАН ҒАШЫҚПЫН ! Ғашық қыла түс , тағы да !   Ауладағы жеміс ағаштары , бал дәмдес шабдалыға жету үшін шатырға да шықтық қой біз белді буып . Қыздар , дым уайымдамаңдар , сүйген адам табады , сендер осылай біз бал  шабдалыға қол жеткізгендей ,  бір күні сіздерге де солай қол жеткізеді . Ол ұлы Аллаһтың , біз махрұм, жоспары ғой , білмеген дұрыс !

Айтады ғой , ең бір адамның жақсы жасы 70 деп , сол 8 — 9 жастарда бір қайталанбас бала күндер екен . Әр нәрсеге қызыға беретін әуесқой жас екен …… Әр жастың сол өзіндік ерекшелігі , бір минусы болады ғой , ол сол бала кезде тез өсу еді бар арманымыз . 70 жаста көріңді ойлап , көрінгенге жүгіре бермейсің , сол жақсы . Қазір ғой , қазір , сол бір сәттерді алтынға болса да айырбастап бір сол сәттерге сүңгіп кеткіміз келеді . Есейгенде қолың босамай , бәрі қызу еңбек болатын білмедік , білмедік 😉   Иииия , адам болғасын , көп нәрсе ойлаймыыыз , көп ойлап өмірімізді бос өткізіп те алдық . Бұл рас . Түске дейін ұйықтадық , көп ашуға булығып алып бір — бірімізді бағаламайтын кездер де болмады емес болды , көп қателіктерге бой алдырып қалып жаттық . Қайтесіз , сіз қам жемеңіз ,  өмір үйретеді ,  үйренесіз әлі — ақ бәрін , тек мұңаймаңыз , бостан бос көп қайғырып  кетіп жүрмеңіз .

Пендеміз — біз , бәрін көктегіні , жердегіні Аллаһ Таьала біледі ғой . Біз жай ғана , ия , жай ғана осы сынақ ретінде ,  сый ретінде берілген осынааау құс қанат ғажап ғұмырымыздың бағасын , барымыздың — бәрінің бағасын білуге міндеттіміз . Өмір қандай , бақыт қандай , шаттық қандай  өмірде !!  Осының барлығының бағасын тек сол басқа сын түскенде біліп жататымыз өкінішті .  Өмірдің әр секундына шүкіршілік , әр ырзыққа тәубе ету — мына фәни өмірдің бұлжытпас қағидасы .

Міне , сонда ғана өмір саған — нағыз өмір болатыны рас .   Барлығыңызға ,  жаңа жылда өміріңізде нағыз ғажайып , ғажап күндер көбірек көөөөөп болуын шын жүрегіммен тілеймін .   Бай болыңыз ,  бақытты болыңыз және ең бастысы , аман — сау болыңызшы .     Ұмытпаңызшы және де өмірдің сын ғана емес , Аллаһтан бізге берілген нағыз үлкен сыйлығы екенін ! Сынақ кезінде сізді  алдыңыздан сіз мүлде — мүлде бейхабар аңсаған нағыз бақыт ,  тосын сый тосатынын ұмытып қалмаңыз , бұл сізден үлкен өтініш …!!!!!!!!!!

Нендей жағдайлар болмасын , өмір ғой , өмір екенін біліп оның қайталанбайтын еске түсіріп , күлімдеп қарсы алуыңыздың өзі жеткілікті емес пе ??!!                Тек алға , қарсы жүзіңіз ағысқа , жеңілмейсіз . Құласаңыз — тұрыңыз . Тағы да күлімдеп , қуана түсіңіз . Тек көре алмаушылық пен қызғаныш , ашу , жаман сөздер мен ойлардан сақ болыңыз . Сақтансаңыз , сақтайды . Өмір бар да , сүріңіз .

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.