Тұмаудан бір күнде арылуға болады

0 6

Қазіргі таңда ғалымдарға 2000-нан астам тұмау вирусының түрі белгілі. Аталған аурудың асқынуынан жылына 250-500 мыңдай адам өмірден озады. Үдемелі ем қабылдау арқылы оның емдеу үдерісі орташа есеппен 5-7 күнге жалғасады. Ал жапон ғалымдары емдеудің қысқа жолын ұсынды.

Shionogi фармацевтикалық компаниясының зерттеуші ғалымдары вирусты бір күнде жеңіге болатынан мәлімдеді. Олар дайындап жатқан антибиотик 2018 жылы жаппай қолданысқа берілмек. Tamiflu деп аталатын швейцариялық антибиотик тұмауға қарсы қазіргі қолданыста бар ең тиімді дәрі болып саналады.

Дегенмен ол аурудың алдын ала алмайды. Сол себепті емдеу үдерісі бір аптаға дейін жалғасады. Ал жаңа дәрі вирустардың көбеюіне негіз болатын ферменттерді бірден жояды. Нәтижесінде ол адам ағзасына таралмайды. Сәйкесінше ауру да асқынбайды.

Shionogi ғалымдары фармацевтикалық өнімін бірінші сынақтан өткізді. Дәрігерлер дәрінің адам ағзасына теріс әсер етпеуіне сенімді болу үшін оны алдымен дені сау адамдар қабылдап көрді. Енді екінші тәжірибе үдерісі қараша айында басталады. Себебі қараша айында Жапонияда тұмау маусымы басталады. Ғалымдар еріктілерді жинап, дәрінің оң әсерін бағалап көрмек.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.