Үйде Wi-Fi жұмысын не төмендетеді?

0
2601

Интернет жылдамдығы жоғары, браузердің әр бетін ашқанда бірден жүктеліп тұрғанға не жетсін, шіркін? Бірақ Wi-Fi жылдамдығы нашарлап, жұмысты қиындататын кездер болады. Мұны көбіне көп құрылғы қосылып тұрғаннан деп ойлаймыз. Дегенмен үйде Wi-Fi жұмысын төмендететін заттар да болады. Ол қандай заттар?

♦ Металл қаптамалар мен жиһаздар
Металлдан жасалған бұйымдар мен заттар электромагнитті толқындардың жолына кедергі болады. Нәтижесінде интернет жылдамдығы төмендейді. Сол үшін бағдарлағышты (маршрутизатор) металл қаптамалары бар заттар мен жиһаздардан алыс қойған абзал.

♦ Кірпіш және тастан жасалған сәндік қабырғалар

Заманауи дизайнерлік үлгілер бөлме сәнін келтіріп, көрік қосады. Бірақ мәрмәрдан, тастан, кірпіштен жасалған сән үлгісіндегі қабырғалардың интернет жылдамдығына кері әсері бар. Өзге бөлмелерге сигналдың жетуі қиындайды. Бұл қиындықты шешу үшін бағдарлағышты мұндай қабырғалардан алыс және ашық жерге қойғаныңыз жөн.

♦ Айна Бөлмедегі айна да Wi-Fi жұмысын төмендетеді. Бағдарлағыштың жанында тұрса интернет жылдамдығы тіпті нашарлайды.

♦ Шырша гирляндасы

Жаңа жыл кезінде интернетіңіз нашарлап, жылдамдығы төмендегенін байқамаған боларсыз. Бәлкім байқасаңыз да, ол күні жалпы байланыс нашар болады деп мән бермеуіңіз де мүмкін. Расында шырша гирляндасы да жанып тұрса интернет жылдамдығын нашарлатады.

♦ Микротолқынды пеш

Үйде микротолқынды пеш пен Wi-Fi бағдарлағыш қатар тұра қоймас. Екеуінің толқын жиілігі сәйкес келеді. Бір бөлмеге қойған жағдайда бағдарлағышты жоғары қою керек. Сонда интернет жылдамдығы қатты төмендей қоймайды.

♦ Тоңазытқыш пен кір жуатын машина

Бұл тұрмыстық техникалар да Wi-Fi жұмысын қиындатады. Сондықтан тоңазытқыш пен кір жуатын машина жанына да роутерді қоюдың қажеті жоқ.

Massaget.kz 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here