Құпия сақтаудың сырлары

0 11

Әйел заты құпияны қанша сақтағысы келсе де, оны жасыра алмай қалатын кездері жиі болады. Кейде құрбыңызға көзіңнің қарашығындай сақта деген құпияңыз көп кешікпей көпшіліктің аузында жүреді. Олай болса, құрбыларыңызға жақсы дос болудың бірнеше тиімді жолдарын үйрететін кеңестерімізді оқып көріңіз.

Елестетіңіз Бір құпияны айтып бастамас бұрын, сол адам тура жаныңызда сөзіңізді тыңдап тұрғандей елестетіңіз. Осы тұста елесті жандандыра түссеңіз, құпияны бастағыңыз келмей қалады. Ол біліп қойса, ыңғайсыз ғой деп өз-өзіңізді тоқтатасыз.

Кідіріс жасаңыз

Дәл құпияны айтайын деп жатқан уақытыңызда сәл кідіріңіз, қызыл тіліңіздің жетегіне ермеңіз. Кейде бір секундтың өзі де тақырыпты ауыстырып жіберуге жетеді.

Жан досыңыздың сырын сақтап, адал құрбы болудың қандай мәртебе екенін үнемі жадыңызда ұстаңыз.

Айтыңыз

Тіпті, біреуге мысал ретінде құпияны келтіргіңіз келсе, келтіре беріңіз, тек оны ортақ достарыңыздың арасында жасаудың қажеті жоқ.

Тыңдамаңыз

Егер өзіңіздің сырға берік емес екеніңізді білсеңіз, бірден айтпауын өтініңіз. Бір шетінен дөрекілік болып көрінер, бірақ, оған деген құрметіңіздің белгісі.

Күнделік жазыңыз Ең тиімдісі мұндай жағдайларда күнделік жазу. Ол мазаңызды алмай, жеңілдеп қалуыңызға септігін тигізеді. Көп кешікпей осы әдіс ешкім білмейтін сырласуға айналады.

  Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

 Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.