Босанғаннан кейін салмақ тастауға кедергі 6 әдет

0 86

Жүктілік кезінде әйелдің 9-14 кг салмақ қосуы қалыпты. Ол неден тұрады? Нәрестенің салмағы – орташа 3 кг, бірақ одан да ірі балалар болады. Жатыр салмағы қалыпты түрде 1 кг-ға дейін өседі. Оған 650 г жолдасы қосылады. Қағанақ суы – шамамен 900 г. Айналмалы қанның көлемі артады: ол шамамен 1200 г-ды құрайды. Сүтті бездердің көлемі 500 г-ға дейін артады. Баланы қозғалыс кезінде сақтап тұратын майлы қабат – 2 кг 400 г. Тін сұйықтығы – 2 700г.

Әйел босанғаннан кейін шамамен 5-6 кг жоғалтады. Одан кейін 2-3 ай өткен соң тағы 2-3 кг салмақ кетеді. Егер жүктілік кезеңі мен босану процесі жақсы өтсе, толықтай қалыпқа келу жарты жылдан екі жылға дейінгі уақытты алуы мүмкін.

Жүктілік кезінде жиналған артық салмақтан ұзақ уақыт арыла алмауға мына әдеттер себеп болуы мүмкін:

1. Жүктілік кезінде екі адам үшін тамақ жеу Кей адамдар жүкті әйел екі адам үшін тамақ жеу керек деп санайды. Бірақ бұл қате пікір. Біріншіден, артық салмақ буындарға кері әсер етеді. Оларға пайда болған жүктемені көтеру қиынға соғады. Екіншіден, өте көп салмақ жинау босану процесінің әлсіздігіне әкелуі мүмкін. Себебі артық салмақ кесірінен іш бұлшықеттері әлсізденіп кетеді. Сондықтан дәрігерлер жүктілік кезінде пайдалы әрі құнарлы тамақтарға аса мән беріп, зиян тағамдарды көп жемеуге кеңес береді.

2. Бала емізу кезінде майлы және калориялы тамақ жеу Ананың рационы калориялы болса, бала жылдам өседі деген де қате пікір бар. Ананың тамақтануы салмақ қосуға емес, сүт бөлінуге ықпал ететін болуы керек. Сондықтан дәрігерлер бала емізетін анаға майлы немесе қуырылған тамақтар емес, сұйық сорпалар ішуді ұсынады.

3. Аз ұйықтау Мелатонин ұйқы гормоны зат алмасу жылдамдығына жауап береді. Егер ағзаға мелатонин жетпесе, ми оны күйзеліс ретінде қабылдап, керек болып қалған жағдайға деп энергия жинай бастайды. Ал ағза оны тек тамақтан ала алады. Сондықтан қарныңыз аша береді. Сол үшін басқа отбасы мүшелерінен көмек сұрауға ұялмай, уақытылы ұйықтап алу керек. Әйтпесе, ұзақ уақыт аз ұйықтау күйзеліске де әкелуі мүмкін.

4. Таңғы ас ішпеу Тойымды әрі құнарлы таңғы астан соң тіскебасарлар іздемейсіз. Ағза түске дейін жеген тағамдарды майға емес, энергияға айналдырады.

5. Компьютер немесе теледидар алдында тамақ ішу Тамақ ішіп отырып сериалға немесе әлеуметтік желілерге алаңдасаңыз, тойғаныңызды байқамай қаласыз. Сондықтан қалыптыдан артық жеп қоясыз.

6. Су ішпеу

Су зат алмасуды жылдамдатады. Сондықтан күні бойы бөлме температурасындағы  газдалмаған қарапайым су ішуді әдетке айналдырыңыз.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.