Халық әдісі: Үтіктің күйесін кетіру жолдары

0
1127

Үтік – үйге қажет, тұрмыстың ажырамас заттарының бірі. Үтікті көп қолдана бергеннің, бетіне тот тұрып, қақ боп қалатыны да жасырын емес.

Мұндай үтік көрген көзге ұсқынсыз әрі киім үтіктеуге де жарамасы белгілі. Сондықтан тот басқан үтіктің кірін кетіруді кез келген үй иесі білуі міндетті. Халық арасында үтікті жуып тазалауға арналған түрлі әдіс-тәсілдер мен амалдар бар. Солардың кейбіріне тоқталып өтпекпіз.

Күйікті сутек пероксиді арқылы кетіруге болады Сутегі тотығын (перекись водорода) дәріханадан сатып алуға болады. Бағасы арзан. Сутегіге матаны батырып шылқылдатып үтіктің қақ жерін жақсылап сүрту керек. Үтіктің беті сүрткен сайын тазара түспек. Лимон қышқылы арқылы тазалауға болады

Лимон қышқылын жылы суға салып араластырып үтіктің су құятын резервуарына құю қажет. Сосын үтікті бар күшіне басып, парын қосып, буын шығару керек. Тұзбен де шаюға болады

Тұзды қағаздың немесе картонның үстіне сеуіп, тұз жатқан жерді «үтіктеу» керек. Үтіктің буын шығарып тұрып үтіктеген жөн. Сонда күйік те кетпек.

Кір сабынмен жууға болады Егер үтікті енді ғана күйдіріп былғап алған болсаңыз, онда үтікті ыстық күйінде кір сабынмен сүртіп жібергеніңіз жөн. Үтіктің буын шығарып, жағылған сабынның ерігенін күтсеңіз де болады. Сабын езіліп біткен соң, матамен, шүберекпен сүртіп алыңыз. Сірке суы Сірке суының пайдасы өте көп. Оны суық үтіктің үстіне құйып, жұмсақ тірәпкімен жақсылап сүрту керек. Майшаммен сүрту

Massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here