Медициналық масканың 4 кері әсері

0 5

Ғалымдар медициналық масканы ұзақ уақыт тағу қалай әсер ететіні туралы зерттеу жүргізді. Зерттеу The Conversation журналында жарияланған. 

Медициналық масканы тағу кезінде оның 4 түрлі әсер ететінін есте сақтау қажет. Пельцман құбылысы

Пельцман құбылысы бір қауіпсіздік шарасы өзге қауіпті іс-әрекетке себеп болуын білдіреді. Медициналық маска таққан адамдар өзін қауіпсіз сезінгендіктен тым босаңсып, өзге қауіпсіздік ережелерін сақтамауы мүмкін.

Масканы дұрыс тағу

Медициналық маска жұмысын дұрыс атқару үшін оны дұрыс тағу қажет. Көбінде науқастар масканы тағу барысында оның дұрыс тұрған-тұрмағанына аса мән бермейді.

Ауру тудырғыш микробтардың қайнар көзіне айналуы мүмкін Ағзаға қауіпті вирус түсуден қорғаудан бөлек, басқа микробтардың жиналатын ортасына айналуы ықтимал. Масканы дұрыс тақпау, тым ұзақ қолдану, тазаламау қауіпті микробтардың жиналуына себеп болады.

Экологияға әсері

Егер әлем халқы бір сәтте медициналық масканы пайдаланатын болса, оның арты үлкен экологиялық проблемаға соқтыруы ықтимал. Бір Ұлыбританияның өзінен 42 мың тоннаға жуық қайта өңдеуге келмейтін қалдық шығады дейді ғалымдар.

Сол үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барынша бір реттік медициналық масканың орнына ұзақ уақыт қолдануға болатын масканы тағуға кеңес береді.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.