Елімізде әншілерге байланысты жаңа заң шықты

0
173
Retro microphone on stage in restaurant. Blurred background

Фонограммаларды пайдалану тәртібі заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Бұл туралы  Мәжілістің жалпы отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Бүгін Мәжілісте «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Осы заң жобасында фонограммамен ән айтып жүрген әншілерге қатысты арнайы бап енгізілген.

Концерт, ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде туындайтын бірқатар проблема бар. Орындаушылар тарапынан концерттер өткізу кезінде әдепсіз мінез-құлық көрсету, сахнада мас күйінде өнер көрсету үрдісі орын алып отыр. Сондай-ақ жоспарланған концерттерді бұзу, әдепсіз сөздері бар репертуар таңдау, көрермендерді хабардар етпей фонограмманы пайдалану фактілер болды, — дейді Ақтоты Райымқұлова.

Оның айтуынша, осы орайда заң жобасы аясында орындаушылардың осындай мінез-құлық көрсетуіне жол бермеу үшін бірқатар міндеттемені енгізу арқылы бұл мәселелерді реттеуге тырысқан. 

Олардың ішінде маңызды нормалардың бірі — музыкалық шығармаларды орындаушылардың фонограммаларды қолдануы туралы көрерменге хабарлау. Фонограммаларды пайдалану тәртібін заңға тәуелді актіде айқындалатын болады. Барлық жарнамалық өнімдерде және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама беріледі. Бұл көрерменге фонограмманы пайдаланумен өтетін концертке билет сатып алу немесе одан бас тарту таңдауына мүмкіндік береді және билеттің құнына да әсер етеді, — деді министр.

/

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here