Құралай ханым: — Билікке балаларым үшін бара жатырмын

0
1715

Депуттаттыққа үмітті екенін әлеуметтік желіге белсенді түрде жариялап жүргендердің қатарында белгілі психолог, кәсіби коуч Құралай ханым да бар, деп жазады zhambylnews.kz 

Ол өзінің инста парақшасында:

«Мен билікке тендер үшін бара жатқан жоқпын!

Мұнай қазу мен жер жырту да жоспарымда жоқ!

Билікке шашы қопырап, сандалы тесілген сұрқия сұраншақ әйел болып та барғым келмейді!

Аузындағы сөзі құлататын, шапанының бөзі жылататын мықты әйел болып та барғым келмейді!!!

Билікке балаларым үшін бара жатырмын!

Билікке балаларымнан ұялғанымнан бара жатырмын!

Балаларым Отаным, Отбасым деп емiренетiн ел жасауға бара жатырмын!

Ертең балаларымның бетіне қалай қараймын деп бара жатырмын!

Мен бара жатырмын!» — деп жазба қалдырды. 

«Біз сенеміз; Өзгеріп кетпесеңіз болды; Жарайсыз!» — деп оқырмандары да қолдау білдіруде. 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here