Айнұр Тұрсынбаева қызды болды

0 16

Еліміздегі танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов әке атанды. Ал сәбидің кіндік шешесі белгілі айтыскер — ақын Айнұр Тұрсынбаева болған, деп жазады zhambylnews.kz ақпараттық порталы.

Сүйінші жаңалықты, Шараповтың өзі:

ӘКЕ атандым!
Бөлек сезiм екен. Бiрiншi рет әке атанғаннан кейiн «ендi не iстеу керек?» деп сұрай бередi екенсiң.

Опшым былай ғо, келiншегiмнiң туған күнi 26 қыркүйек. Врачтар да 26 күнi босанып қаласың дептi. Бiрақ, адамның дегенi емес, Аллаһтың дегенi болады ғой. Дегенмен, 26 күнi роддомға апардым. Бiрақ, 27 қыркүйек күнi таңғы 3:05 кеткенде босанды. Бойы — 51 см, салмағы — 3 кг болды. Шүкiр, денсаулығы жақсы екеуiнiң де.

Анам да сезгендей Алматыға уақытылы келдi. Анашым, қош келдiңiз! Немереңiздiң бауы берiк болсын. Көз қуанышымыз болып, саналы, салихалы, инабатты, Аллаһтың сүйген құлдарының қатарынан болсын.

Ендi, қызымызға есiм қою мәселесi. Ұзақ ойланып, iзденiп «АЙЛИН» деген есiмге тоқталдық. Түнде босанды ғой, Айдың жарығында дүние келген соң осы есiмге тоқталдық. Мағынасын ақтарып қарасақ «Айдың нұры» екен. Оның үстiне кiндiк шешесi @aidyn_nury болды.  Қызыңыздың бауы берiк болсын, Айеке! — деп инста әлеуметтік парақшасында бөлісті. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.