Гүлназ Нұрбалина: Елбасының көмегі көп тиді

0 1

«Уақыт көрсетеді» бағдарламасының кезекті санында қазақтың дәстүрлі әнінің көшін ілгері сүйреуге атсалысып жүрген аналарымыздың бірі Гүлназ Нұрбалина, Елбасының жасаған жақсылықтарын тілге тиек етті. Оның айтуынша, тұңғыш президент оның өнерін ерекше жақсы көрген, деп жазады Zhambylnews.kz AA.

Мен қазіргі таңда қоғамның көзқарасына таңғаламын. Барлығына сол кісіні кінәлайды.

Берген тапсырмалар орындалып жатыр ма, жоқ па? Елбасы барлығын жіті қадағалап отырады, — деген Нұрбалина Президентпен болған әңгімені де жасырмады. 

Маған Алматы да оқисың ба? — деген ұсыныс тастады. Мен ол кезде тоғызыншы сыныпты сырттай бітірдім. Оқуға түсіріп, жағдайымды жасаған ең алғашқы кісі сол болған. 

Кейіннен, тағы да алдына кіру бұйырды. Сол сәтте бірінші рет Елбасыдан үй сұрадым. Себебі, жағдайдың жоқтығы, көпбалалы отбасы дегендей, — деді Нұрбалина.

Бүгінгі таңда не сұрайтын едіңіз? — деген Жылқышыбайдың сұрағына мен жай ғана амандығын сұрар едім, — деді. 

Ол кісінің әлі де ұзақ өмір сүргенін қалаймын, денінің саулығын тілеймін, — дейді әнші. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.