Марқұм депутаттың соңғы тілегін орындауға шешім қабылданды

0 4

Марқұм Глеб Щегельский өзінің соңғы депутаттық сауалында Ақтөбе облысындағы бес ауылға республикалық бюджеттің есебінен газ тартуды ұсынған болатын, деп хабарлады  «Эврика».

Сол кезде оның ұсынысы қолдау таппады, үкімет жобаны қаржыландырудан бас тартқан. Алайда депутаттар әріптесінің мезгілсіз қазасынан кейін осы мәселені қайта көтеруге шешім қабылдады. Себебі бұл оның соңғы тілегі болған. Енді, Ақтөбе облысында тағы бес ауылға газ тартылады.  

Депутат Глеб Щегельский 17 қазан күні 51 жасында жүрек ұстамасынан кенеттен қайтыс болды. 

Сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева да депутаттың туған-туыстарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын жеткізді.

«Дәл қазір сіздерге қаншалықты ауыр екенін білемін. Оның ортамызда жоқ екенін де түсіну қиын. Осы сәтте сіздермен бірге қайғырып, орны толмас қазаға ортақтасып, көңіл айтамын. Ол адамгершілігі мол мейірімді адам, нағыз профессионал еді», — дейді Назарбаева.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.