Солтүстік Қазақстан облысында мектептер бір теңгеге сатылып жатыр

0 6

Солтүстік Қазақстан облысында мектептер бір теңгеге сатылып жатыр.  Бұл туралы Zhambylnews.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мектептер халық санының азаюына байланысты аукционға қойыла бастаған. Бастапқы бағасы мектептің қазіргі жағдайына қарай бірнеше миллион теңгеден басталады.

Ал ғимаратты сатып алатын адам табылмаған жағдайда ең төменгі бағаға яғни, небәрі 1 теңгеге жекенің қолына өтіп кетеді екен.

Мемлекеттік білім беру нысандарының сатылымы 10 қарашада өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.