2021 жылы бір ғасыр бұрын болған аяз қайталанады

0 1
Қаңтардың басында ауа температурасы күрт төмендейді.
Сібірден арктикалық ауаның таралуы кезінде температура төмендейді, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.
Кей өңірлерде -48-54 °C дейін төмендеуі мүмкін (1893 жылы 5 қаңтарда ел астанасында -51,6°C тіркелген). Оңтүстік аймақтарда -30-43 °C дейін (1969 ж. 29 қаңтарда Алматы М -30,1 °C) түседі.
Қаңтардың басында ауа температурасы күрт төмендейді. Мәселен, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін төмендейді.
Республиканың батысында түнде -20-27 °С, күндіз -10-20 °С болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, кей жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.
Қаңтарда Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн жауады.
Республиканың басым бөлігінде жауын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында нормадан көп, солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарында нормадан аз болуы мүмкін.
Leave A Reply

Your email address will not be published.